Kyzylorda-news.kz  М.Мәметова атындағы Қызылорда педагоикалық жоғары колледжінде  1957 жылдан бастап «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігі бойынша педагогикалық кадрларды даярлау жүзеге асырып келеді.

Бүгін «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»  бөлімінің «Жаңа формация педагогі –кәсіби маман даярлаудың алғы шарты» тақырыбында апталықтың ашылу салтанаты өтті.

Ән әуенімен әрленіп, би ырғағымен көркемделіп басталған шара мамандық тарихын парақтап, өткеніне шолу жасай келе, бүгінгі буынның жаңалығы, ізденісі, теория мен практика ұштастығының нәтижесінен туындаған жаңа технологияларды, әдістерді, техникаларды таныстырумен жалғасты. Сондай-ақ балабақша бүлдіршіндерінің «От шашу» биі де шара көркін аша түсті. 

Жиын барысында мамандық студенттерінің үйірме барысында дайындаған түрлі дидактикалық, қызықты дамытушы ойындарымен көрме дайындалып таныстырылды. Сонымен қатар бірнеше ойындарға құрылған және бес дағдыға бағытталған қазіргі заманғы теорияларды ұлттық ерекшеліктермен үйлесімді ұштастыру негізінде баланы ерте дамытуда кәсіптік практика барысында дайындаған асық терапиясын ұсынды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дағдыларын дамытуда сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін көрсетіп, музыка іс-әрекетінде балалармен ұйымдастырылатын шулы оркестрді ұсынды. Салтанатты шарада сөз алған колледж директоры Ж.Қоханқызы апталықтың ашылуымен құттықтай келе, нәтижелі және сәтті бастама болуына тілектестік білдірді.

Тағы да оқыңыз: