Kyzylorda-news.kz  Маңғыстау облысының білім басқармасы тарапынан білім ошақтарында жұмыс істеп жүрген  қызметкерлердің дипломдарына мониторинг жұмыстарын жүргізілді. Бұл туралы KAZINFORM хабарлады. 

Былтыр және биыл жүргізілген осы жұмыстардың нәтижесінде 60 мұғалімнің жалған дипломмен бірнеше жылдар бойы жұмыс істеп келгені анықталған. Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, олардың барлығы жұмыстан босатылды.

«Облыста педагогтердің дипломдарын анықтау мақсатында жоғарғы оқу орындарына және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарына сұраныс жолданды. Сонымен қатар мұғалімдердің жұмыс кезеңіңдегі қаражатты мемлекеттік бюджетке кері қайтару үшін сот органдарына шағым жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр», - делінген білім басқармасы таратқан ақпаратта.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында жалған дипломмен жұмыс істеген 80-нен астам мұғалім анықталған болатын.

Ал, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті жоғары білім туралы жалған дипломдарға қатысты қандай жаза қарастырылғанын түсіндірді.

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Тағы да оқыңыз: