Kyzylorda-news.kz. Ауданның білім саласы көштен қалыс емес. Жыл сайын жоғары дәрежеден көрініп, ҰБТ-дан ойдағыдай көрсеткішке қол жеткізіп келеміз. Оның бәрі ұстаздардың қажырлы еңбегі мен түлектердің талабының арқасы. Енді биылғы ұлттық сынамадан да әр түлек сүрінбей өтіп, ұстаздарының еңбегін ақтап, аудан мерейін асырады деп сенеміз. Сіздердің алдағы өмірлеріңізге сәттілік тілей отырып, жарқын болашаққа қадам баса беріңіздер деемекпіз, – деді аудан басшысы.

Расымен, ауданымыз Ұлттық бірыңғай тестілеуде жыл сайын абыройымызды арттырып, мерейімізді асырып келеді. Жыл сайын ҰБТ қорытындысымен алдыңғы қатардан көрініп жүрген ауданымыз білімді, бәсекеге қабілетті жастарды түлетуде көпке үлгі боларлықтай. Ал биылғы оқу жылында 356 бітірушінің 333-і ҰБТ-ге қатысады. «Алтын белгі»  17 және «Үздік аттестатқа»  42  бітіруші үміткер. Бітіруші түлектердің алдында үлкен білім сынағы тұр. Биылғы оқу жылында да мемлекет тарапынан 11 сынып оқушыларына Ұлттық бірыңғай тестілеуге екі рет қатысуға мүмкіндік беріліп отыр. 

Аудан әкімі Асқарбек Есжанов Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейдегі мектеп бітіру кешіне қатысып, жас түлектерді құттықтады. 2022-2023 оқу жылын сәтті қорытындылаған түлектерге аудан әкімі аттестат табыстап, ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл жинаған үздік оқушыларға «Алтын белгі» тақты.

– Ел Президенті «Адамзатты терең ойға, кемел білім жетелейді» деп атап өткендей, ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры. Білімді, білікті мамандары көп ел ғана мықты мемлекет бола алады. Міне, осы бағытта мектеп-лицейде атқарылып жатқан игі істерге сәттілік тілеймін. Мектеп оқушылары білім, спорт, өнер сайыстарына белсене қатысып, мектеп абыройын биікке көтеруде. Бұл білім ордасы алдағы уақытта өзінің биіктігін әлі де мойындатады деп сенемін, – деді аудан әкімі.

Жас талапкерлерге сәттілік тілеген Асқарбек Есжанов ауданымызда да болашақтың тірегі жастардың толыққанды білім алуына жан-жақты жағдай жасалып, білім беру сапасы жылдан-жылға артып келе жатқанын айтты. Ауданның білім беру жүйесін қаржыландыру биыл 14 млрд 932 млн теңгені құрап, осыдан бес жыл бұрын аталған салаға бөлінген қаржы көлемінен 6 млрд теңгеге ұлғайғанын жеткізді. Оқушылардың игілігі үшін Жалағаш кентінен оқушылар үйі мен өнер мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. 

Айта кетейік, 2022-2023 оқу жылында Жалағаш ауданы бойынша 356 оқушы алтын ұя мектебімен қоштасуда. Оның ішінде 333 оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Аудан бойынша 17 оқушы «Алтын белгіге» аяқтап, 42 оқушы «Үздік аттестат» иеленуде. Оның ішінде Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейдің 2 бітірушісі «Алтын белгі», 3 бітірушісі «Үздік аттестат» иеленді.

Тағы да оқыңыз: