Kyzylorda-news.kz. Бүгін аудан әкімі Асқарбек  Есжановтың қатысуымен Жалағаш кентіндегі «Жеті қазына» жеке балабақшасының ашылу рәсімі өтті.

«Білімге құйылған инвестиция болашақтың игілігі жолындағы оң қадам. Осы тұрғыда білім саласына жанашырлық танытып бабалақша салған кәсіпкерге алғыс білдіреміз. Жалағаш кентінде салынған бұл балабақша 2 мен 6 жас аралығындағы 120 бүлдіршінді қабылдай алады. «Жеті қазына» ауданымыздағы көлемді балабақшалардың бірі. Жалағаштың өркендеуі жолында тың жобаларды жүзеге асырған меценаттармен біз мақтанамыз»-деді А.Есжанов.

Бүгінгі күні «Жеті қазына» балабақшасында 18 қызметкер жұмыс жасайды. Оның ішінде 10 педагог, 8 техқызметкер. Қазіргі таңда 2-6 жас аралығында 80 бала қабылданды.

Жалағаш ауданы бойынша ана мен балаға айрықша көңіл бөлініп, бүлдіршіндеріміздің алаңсыз өмір сүруіне барлық жағдай жасалып келеді.

333051165_703491524786182_666450071664143336_n.jpg

 

333050901_136687655968875_8350553954498035530_n.jpg

 

333124569_556946956209083_8164881923662897210_n.jpg

Тағы да оқыңыз: