Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысында жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы өңірдің білім саласына жаңа леп алып келуде. Жоба аясында салынған заманауи мектептер тек білім беруді ғана емес, оқушылардың дамуына жағдай жасау мақсатында да ерекше көңіл бөлінген. Әрбір мектеп құрылысында экологиялық талаптар мен оқушылардың қауіпсіздігі басты назарға алынған.

Жайлы мектеп Комфортная школа 2.jpg

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірімізде 6900 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізіліп, 2700 орындық 5 мектеп пайдалануға берілді.

Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-туры ұйымдастырылды. Мектепті аралау барысында журналистер мектептің заманауи инфрақұрылымы, оқушыларға арналған арнайы мүмкіндіктері мен инновациялық әдіс-тәсілдері туралы ақпарат алды.

Жайлы мектеп Комфортная школа 3.jpg

Сондай-ақ, баспасөз туры мектеп ұжымының жұмысын, оқушылардың білім алу жағдайын жақсартуға бағытталған бастамаларын сараптауға мүмкіндік берді. Журналистер сол жағалаудағы білім ордасының әрбір бөлмесінде қолданылатын заманауи технологиялар мен экологиялық талаптарға сай жобаланған дизайнды бағалап, мектептің білім сапасын арттыруға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Жайлы мектеп Комфортная школа .jpg

- Қызылорда қаласының сол жағалауында ашылған алғашқы «Жайлы мектеп». Мектебіміз 900 орынға арналған. Қазіргі таңда мектепте 1000-нан аса оқушы білім алуда. «Жайлы мектептің» ерекшелігі – қауіпсіз орта туғызу. Мектеп толық бейнекамералармен, турникеттермен жабдықталған. Қуаныштысы мектебімізде заманауи кабинеттер бар. Оның ішінде: физика, химия, биология, робототехника кабинеттері соңғы үлгідегі заманауи құрылғылармен жабдықталып, оқушыларды ғылымға баулуға бізге үлкен мүмкіндік жасап отыр. Онымен қоса заманауи шеберханаларымыз бар. Оның ішінде: тігін кабинеті, дизайн кабинеті, технология кабинеттері құралдармен жабдықталған. Ерекше кабинеттеріміздің бірі тамақтану-мәдениеті кабинеті. Бұл кабинетте оқушылар ас әзірлеуді, дұрыс тамақтануды үйреніп жатыр,-деді, №290 орта мектебінің директоры Мөлдір Смаханова.

Жайлы мектеп Комфортная школа5.jpg

Одан кейін БАҚ өкілдері барған екінші нысан КБИ мөлтек ауданында орналасқан "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынған жаңа білім ордасы. Журналистер мектептің заманауи инфрақұрылымы мен оқу процесіне қатысты жаңашылдықтарды көріп, оның ішкі және сыртқы құрылыс ерекшеліктерімен танысты. 

Жайлы мектеп Комфортная школа 6.jpg

- «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған бұл мектеп ғимараты 2025 жылдың 16-ы қаңтарында пайдалануға берілді. Қазіргі таңда 1051 бала білім алуда. 43 сынып комплектісі бар. Сонымен қатар 116 мұғалім қызмет атқарады. 110 мұғалім жоғары білімді, 6 мұғалім арнайы орта білімі бар қызметкерлер. Мектепте барлық жағдай жасалған. 138 орындық кең акт залы бар. Сондай-ақ би залы, балалардың бос уақытында кітап оқуларына арналған кітапхана бар. Мектебімізде 2 спорт залымыз бар. 1-4 сынып бастауыш оқушыларына арналған бөлек спорт зал бар. Одан бөлек химия, физика, биология кабинеттері жоғары деңгейде жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған  дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік-педагог кабинеттері бөлек блокта орналасқан. Мектепте 26 кабинеттің барлығы соңғы үлгідегі заманауи технологиялармен жабдықталған. Балалардың сабақ оқуына, білім алуына толық жағдай жасалған. Сонымен қатар, мектебімізде үйірме жұмыстары жұмыс жасайды. Спорт, қолөнер, сурет, домбыра, би үйірмелеріне оқушыларымыз қатысады. Одан бөлек мектептен тыс басқа үйірмелерге қатысатын оқушыларымыз да бар. Мектепте робототехника, цифрлық сауаттылық, дизайн және қолөнер кабинеттерінде оқушыларға барлық мүмкіндіктер жасалған. Балаларымыздың қызығушылықтары өте жоғары, көңіл-күйлері көтеріңкі. Қысқа мерзімнің ішінде барлық жағдайы жасалған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы салынған мектеп үшін ата-аналардың, мұғалімдердің, өзімнің атымнан алғысымды айтамын. Сыр елінің білім саласы жоғары деңгейден көріне берсін!,-деді №197 орта мектебінің директоры. Еркін Ақшалов.

Жайлы мектеп Комфортная школа 7.jpg

Жайлы мектеп Комфортная школа 8.jpg

Жайлы мектеп Комфортная школа 9.jpg

Жайлы мектеп Комфортная школа 10.jpg

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тағы да оқыңыз: