Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракция мүшесі Мұрат Ергешбаев және партияның қалалық филиалының төрағасы Ибадулла Құттықожаев, Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасынык басшысы Ғанижан Қалиев, Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төрәлиев, Самұрық АҚ және мердігер мекеме өкілдерімен «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында салынып жатқан Қызылжарма ауылдық округіндегі 600 орындық мектеп құрылысымен танысты.
Бүгінде құрылыс жұмыстары 50%-ға аяқталған. Мердігер мекеме “Асар” ЖШС, «Самрұқ - Қазына» АҚ өкілдері құрылыс жұмыстарының кестеге сәйкес жүргізілуде екенін атап өтті.
Фото: Облыстық бақылау жөніндегі басқармасы