Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменовтің айтуынша, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында облыс орталығында заманауи үлгідегі 8 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның бесеуінің құрылысы биыл басталады.

Атап айтқанда:
Жезқазған трассасы бойынан 600 орындық мектеп;
Сол жағалауда 400 орындық 300 орындық жатақханасымен физика-математикалық мектеп-интернаты;
Сол жағалауда 900 орындық мектеп;
Арай мөлтек ауданында 2000 орындық мектеп;
КБИ мөлтек ауданында 600 орындық мектеп;
СПМК 70 мөлтек ауданында 2000 орындық мектеп;
Қызылжарма ауылдық округінде 900 орындық мектеп салынады.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласында №2 мектеп жанынан қосымша 550 орындық, №1 мектеп жанынан 375 орындық, № 264 мектеп жанынан 550 орындық және №3 мектеп-гимназия жанына 375 орындық қосымша ғимарат салынады.

Тағы да оқыңыз: