Kyzylorda-news.kz  Кеше Сырдария аудандындағы №139 орта мектеп базасында әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес «Заманауи білім жүйесіндегі ұлттық құндылық пен патриотизм» тақырыбында жалпы білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған дебат ойындары өтті.

    Тағылымды іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – қазіргі заманғы білім жүйесінде дәстүрлі ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, мұғалімдеріміздің патриоттық сезімін ояту және шығармашылығын шыңдау болып табылады. Мұғалімдер арасында өткізілген дебат ойындары өте жоғары деңгейде өткізілді. Ұстаздар қауымы топ топқа бөлініп, берілген ереже бойынша пікірталасқа түсті. Пікірталас барысында ұлттық құндылықтарымыз жайында біраз тақырыптар талқыланып, ұстаздарымыз ортаға өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын тастады. Ұстаздар қауымы бір-бірінен оза шауып, керемет сөз саптаулары мен шеберліктерін көрсете білді. Дебат ойындары өте тартысты әрі қызу пікірталастарға толы болды. Тартысты ойынға жасы үлкен тәжірибесі мол мұғалімдер де, сонымен қоса жас мамандар да қатысып,  өте жақсы ойын көрсете білді. Және алдағы уақыттарда да осындай патриоттық мәні бар іс-шаралар жиі-жиі ұйымдастырылып отыруы керек деген ұсыныс-пікірлерін де білдірді.

    Пікірсайыс нәтижесінде ойын көрсеткен: №42, №44, №131, №139, №147, №174, №210 мектеп ұстаздарынан құралған фракциялар өздерінің шеберлігімен көзге түсіп, жоғары деңгейде ойын түрін  көрсете білді.

    Жалпы ойын барысында барлық мектептерде дебат ойындары жақсы жолға қойылғандығы айқын көрініс тапты.

Тағы да оқыңыз: