Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Максим Усольцев пен Дінмұхаммед Абдиев робототехникадан халықаралық олимпиадада (World Robot Olympiad) қоладан медаль тақты.

Әлемнің үздік робот құрастырушылар арасындағы жарыс Панама елінің астанасында өтті. 100-ден астам мемлекеттен келген 1300-ге жуық қатысушы цифрлық индустрия үшін инфрақұрылым мен логистиканы жасайтын роботтармен жұмыс істеп, өнертабыстарын ұсынды.

«Қазақстан атынан 13 команда қатысты, нәтижесінде отандық құрама 3 категориядан жүлделі орын алды. Мектебіміздің оқушыларымен бірге ІІІ және ІІ орынды Астана қаласының Роботек командасы иеленді», — дейді сырбойылық педагог Серік Ахметов.

Әлемдік додада Қызылордадағы NIS намысын төрт оқушы қорғады. Жерлестеріміз Нұрдаулет Әділбек пен Ернұр Сәду жақсы нәтиже көрсетіп, үздік бестіктер қатарынан көрінді.

400746335_3495859490743960_3016792428543568866_n.jpg

 

400864894_3495859574077285_6388524653875539035_n.jpg

Тағы да оқыңыз: