Kyzylorda-news.kz  М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжінде «Бастауыш сыныптарды оқыту» құзыреттілігі бойынша «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2024» кәсіби шеберлік чемпионатының облыстық іріктеу кезеңі өтті.

Аймақтық чемпионаттың облыстық кезеңіне М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінен Алтынбекқызы Алтынай, Қызылорда «Сейхун» колледжі Қасым Альбина, Қызылорда жоғары көпсалалы коледжі Қалдыбай Наргиз, «Болашақ» университеті жоғары колледжі Алтынбекова Айдана қатысып, кәсіби білім бәйгесінде бақ сынады.  Қатысушылардың білімі мен білігіне, кәсіби деңгейіне озат тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімдері Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицей, бастауыш  мектеп мұғалімі Оспанова Рахима, Ғ.Мұратбаев атындағы №171 орта мектеп, бастауыш мектеп мұғалімі Жұманазарова Жұлдыз, С.Толыбеков атындағы №3 ІТ мектеп лицей Омарова Гүлжанар және Т.Есетов атындағы №264 ІТ мектеп лицей Мырзахметова Алия әділ бағасын берді. Сондай-ақ, колледжіміздің «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі»бөлімінің меңгерушісі, арнайы пәндер оқытушысы Арыстанбекова Гүлзира бас сарапшылық етіп, бөлім оқытушысы – Бимаханова Әсел техникалық сарапшы болды. 

Кәсіби шеберлік чемпионатында қатысушылар үш модуль бойынша бақ сынасты.

 - Модуль А. Бастауыш сыныптарды интерактивті жабдықты қолдана отырып пәндердің бірінде сабақтың үзіндісін (жаңа білімді ашу кезеңін) әзірлеу, әдістемелік қолдау және жүргізу

- Модуль В. Эстетикалық, экологиялық, адамгершілік бағыт бойынша сыныптан тыс іс-шара презентациясын әзірлеу.

- Модуль С. Тәрбиенің бір бағыты бойынша білім алушының жоба- зерттеушілік іс –әрекетін ұйымдастыру үшін жоба паспортын жасау

Құзыреттілік модульдерін орындау барысында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі студенті Алтынбекқызы Алтынай – І орын, «Болашақ» университеті жоғары колледжі студенті Алтынбекова Айдана – ІІ орын, Қызылорда «Сейхун» колледжі студенті Қасым Альбина – ІІІ орынды жеңіп алды.

 

Қорлан САРЫ

Тағы да оқыңыз: