Kyzylorda-news.kz. Бүгін «WorldSkills College - 2023» чемпионатының колледжішілік кезеңінің ашылу салтанаты өтті.
Кәсіби шеберлік байқауының ашылу салтанатында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғарғы колледжінің директоры Тоғанова Жақсыгүл Қоханқызы WorldSkills халықаралық қозғалысының тарихына тоқталды. Елімізді дамытуда жұмысшы мамандығының маңызды роль атқаратынын атап өтіп, чемпионатқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Worldskills Kazakhstan» ұлттық чемпионаты білікті кадрларды даярлауға, жаңа идеялар мен трендтер жасауға, кәсіби білім сапасы мен кәсіби шеберлік дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді. Байқауға қатысушылар «Мектепке дейінгі тәрбие», «Кіші сыныптарда оқыту», «Web дизайн және әзірлеу» құзыреттілігі, «Сән технологиясы» құзіреттіліктері бойынша 51 білім алушы бақ сынасады. Чемпионат 13 ақпан – 17 ақпан аралығында өткізіледі.
