Kyzylorda-news.kz  «Шетел тілі» бөлімінің «Teaching is a process of development and learning» (Оқыту – даму және оқу процесі) тақырыбындағы пән апталығы аясында бөлімаралық оқытушылардың «Who knows English the best» интеллектуалды сайысы өтті.

Мақсаты - оқытушылардың жалпы тілдік қабілеттерін шыңдау, логикалық ойлауға, шапшаң шешім қабылдай білуге баулу, жан-жақты білімдерін толықтырып, кәсіби біліктіліктері мен құзіреттіліктерін арттыру. 

Шет тілін білу сән емес, заман талабы екені белгілі. Туған тілді жетік меңгеруді, қастерлей білуді мақсат етіп қою керек. Бірақ бір тілмен ғана шектеліп қоймай, жан-жақты болуға, тіл үйренуге талпыну керек. Бұл жастардың болашағыңның ғана емес, тұтастай ұлтыңның болашағының жарқын болуының кепілі. Ағылшын тілі – байланыс тілі. Ағылшын тілі қазіргі заман талабына сай, кең ауқымда қолданылатын тіл. Жаһандық экономикадағы тіл десек, кем түспес едік. Ағылшын тілі заманымызда өте маңызды рөл алып отыр. Халықаралық сипаттағы ағылшын тілінің рөлі, қазіргі  XXI ғасырда тереңдетілген, маңызды рөл болып саналуда. 

Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз.

Байқауда «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің оқытушылары; «Физика-математика және ақпараттық жүйе» бөлімінің оқытушылары; «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің оқытушылары; «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің оқытушылары; «Филология» бөлімінің оқытушылары  «Өнер» бөлімінің оқытушылары бас сынады. 

Қатысушыларды әділ бағалап, қазылық жасаған: Башарова Г.Е - колледж әдіскері; Пазылова З.Ж - кітапхана меңгерушісі;     Ибрагимова С.Е - ағылшын тілі пәнінің оқытушысы;

«Who knows English the best» интеллектуалды сайысының шарты

Таныстырумин. (әр топ ерекше ағылшын тілінде таныстыру дайындап келуі керек)

- “Quizzlet” платформасы арқылы суреттерге қарап ағылшын тілінде сөздерді табу

Танымал тұлғаны тап (атақты тұлғаның суреті беріледі және сол тұлғаның кімекенін анықтапағылшын тілінде ақпарат береді

- Викторина (әр түрлі категориялар бойынша сұрақтар қойылады)

- Капитандар сайысы (блиц сұрақтар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде)

Сайыс қорытындысы бойынша: I орын «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің оқытушылары; II орын «Өнер» бөлімінің оқытушылары; III орын «Филология» бөлімінің оқытушылары иеленді. Сонымен қатар «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Физика-математика және ақпараттық жүй», «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»      бөлімдері Алғыс хаттармен марапатталды.

 

Қорлан САРЫ

Тағы да оқыңыз: