Kyzylorda-news.kz  Оқу-ағарту министрлігі Назарбаев зияткерлік мектебінен оқу жылының аяқталуына екі күн қалғанда шығып қалған 11-сынып оқушысының жағдайына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Министрлік ресми мәлімдеме жасап, Қазақстанда мұғалім мәртебесі заңмен бекітілгенін және оның қоғамдағы ерекше рөлін атап өтті.

"Ата-аналар мен оқушылар ұстаздарды құрметтеуге тиіс, өйткені білім беру жүйесіне деген сенім ұстаздарға деген сенімнен басталады. Оқу-ағарту министрлігі олардың мәртебесіне нұқсан келтіретін кез келген әрекетті айыптайды. НЗМ тек ішкі тәртіп ережелеріне емес, адамгершілік пен кәсібилік қағидаттарына негізделген шешім қабылдайды деп сенеміз", – делінген хабарламада.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: