Kyzylorda-news.kz  Әрбір өскелең жастың талантын, дарынын тәрбиелеу, еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан – жақты дамыған зерек болуы – заман талабы. Осыған байланысты білім алушылардың шығармашылықпен айналысуына пәндік ашық сабақтар мен сайыстар өткізудің тигізер септігі мол.  Қармақшы аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес аудандық ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің қатысуымен «Заманауи сабақ – мұғалімнің кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбындағы панорамалық сабақ байқауы өтті.

Білім беру саласындағы талантты, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын білікті педагогтерді анықтау және оларды қолдау, кәсіби шығармашылығын арттыру мақсатында өткізілген байқауға білім беру ұйымдары бойынша 20 ағылшын тілі пәні мұғалімі қатысып, қазіргі заман талабына сай жаңартылған бағдарламаға негізделген оқу сабақтарын көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты.

Сондай-ақ, білім берудегі оқу сапасы мен білім алушының оқып үйренуіне деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру мақсатындағы көрсетілген педагог жұмыстары жан-жақты талданып, сарапшылар тарапынан бағаланды.

Байқау қортындысы бойынша үздік деп танылған сабақтар анықталып, жүйелі жұмыстар тізбегін ұсынған мұғалімдер марапатталды.
 

Тағы да оқыңыз: