Kyzylorda-news.kz Әр адамның өмір жолында ерекше орын алатын жанның бірі – ұстаздар. Ұстаз тек білім беруші ғана емес, ол – тәрбиеші, бағыт беруші, болашаққа жол ашатын тұлға. Сондықтан ұстаз мамандығы қашанда құрметке лайық.
Адам әріп танып, білімнің алғашқы баспалдағына дәл ұстаздың көмегімен қадам басады. Мұғалім оқушыға тек пән үйретіп қана қоймай, адамгершілікке, тәртіпке, еңбекқорлыққа баулиды. Ұстаздың берген білімі өмір бойы адаммен бірге жүреді.
Қазіргі қоғамда мұғалімнің рөлі өте маңызды. Себебі елдің болашағы – білімді ұрпақтың қолында, ал сол ұрпақты тәрбиелейтін – ұстаз. Егер ұстаз өз ісіне жауапкершілікпен қараса, елдің болашағы да жарқын болады.
Ұстаз туралы терең ой айтқан ағартушылардың бірі – Ахмет Байтұрсынұлы. Ол: «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақ» деген. Бұл сөз ұстаздың қоғамдағы орнын анық көрсетеді.
Ұстаз болу – үлкен шыдамдылық пен жауапкершілікті талап етеді. Әр оқушының мінезі әртүрлі болғандықтан, мұғалім олардың барлығына дұрыс бағыт бере білуі керек. Бұл – оңай жұмыс емес.
Оқушылар да ұстаз еңбегін бағалай білуі тиіс. Сабаққа жауапкершілікпен қатысып, мұғалімге құрмет көрсету – әр оқушының міндеті.
Ұстаз – ең қадірлі мамандықтардың бірі. Ұстазды құрметтеу – білімді құрметтеу. Сондықтан мұғалім еңбегін әрқашан жоғары бағалауымыз керек.
Назым Әбілхай,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 4-курс студенті
Фото: Pixabay.com
