Kyzylorda-news.kz. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті түлектерінің ассоциациясы және «Business-Start» бизнес инкубаторының ұйымдастыруымен «Social innovation projects» семинары өтті. 

Білім алушыларға арнайы ұйымдастырылған семинардың спикері - «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» төрайымы Ізден Анар Жарылқасынқызы. 

"Әлеуметтік инновациялық жобалар” тақырыбы аясында өткен тренингке түлектер қауымдастығының төрайымы Гүлшат Берікбайқызы,  Business-Start бизнес инкубаторының мамандары және университеттің 30 белсенді студенті қатысты. 

Қатысушылармен танысудан бастау алған семинарда теориялық біліммен қатар практикалық тапсырмалар орындалды.  2 сағатқа жуық өткен тренингте  әлеуметтік және коммерциялық жобалар, жобалар мен бағдарламалардың арасындағы айырмашылық, стартап дегеніміз не?, идея, инновация тақырыптары қозғалды. Семинар барысында белсенді болған 2 қатысушыға спикер өзінің кітапханасынан мотивациялық кітаптарды сыйға тартты.

Әлеуметтік инновациялық жобалар тақырыбы аясында өткен кездесудің нәтижесінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 12 студентіне әлеуметтік жобаларға қатысуға Анар Жарылқасынқызы 3 күндік семинар өткізуді қолға алды.

Алдағы уақытта жастардың, белсенді студенттердің әлеуметтік жобалар туралы білімін арттыру мақсатында кездесулер өтетін болады.

 

576-1.png

Тағы да оқыңыз: