Kyzylorda-news.kz. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, «Экономика және құқық» институтының «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы 2011 жылдан бастап дәстүрлі түрде Дүниежүзілік философия күнін атап өтіп келеді.

Атаулы күнге орай «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасында арнайы жиын өтіп, «Қорқыт ата университеті – бұл менің таңдауым» атты философиялық эссе жазу бойынша конкурстың жеңімпаздары марапатталды. Іс-шараға оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы, студенттері қатысты.

Кештің модераторы «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Жарқынбек Әбікенов болды.

Шарада Экономика және құқық институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев қоғамдағы философияның рөліне тоқталды.

Жиын барысында университеттің «Түлектер қауымдастығы» ассоциациясының жетекшісі Гүлшат Дүзелбаева мерекенің маңыздылығын атап өтіп, қауымдастық атынан ұжымға сыйлық тарту етті.

Кафедраның аға оқытушысы Мақпал Сыздықова студенттерден алынған әлеуметтік сауалнама нәтижелерімен таныстырды. Сонымен қатар, кафедра доценті Ербол Абенов, аға оқытушы Болат Апенов философияның негізгі ерекшеліктеріне тоқталды.

Шара соңында философиялық эссе конкурсының жеңімпаздарын институт директоры Нұрлан Құлмырзаев марапаттады.

Философия пәнін кеңінен насихаттауға бағытталған мазмұнды, тыңдаған қауымға берері бар мұндай ауқымды іс-шаралар алдағы уақытта университет аясында өз жалғасын таба беруі керек.

Айта кету керек, 2002 жылы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік ұйымы жыл сайын қараша айының үшінші бейсенбісінде Философия күнін өткізу туралы жариялады. Бұл күн әлемнің ЮНЕСКО-ға мүше 80-нен астам елдерінде атап өтіледі.

165121321.jpg

Тағы да оқыңыз: