ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов Өнер орталығында өткен  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Педагогика және дәстүрлі өнер», «Экономика және құқық» институттарының бітіруші түлектеріне диплом табыстау кешіне қатысты.

2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін барлығы 2579 түлек бітіруде. Оның 2336 бакалавриат, 243 магистратура. Оның 196 үздік диплом иегерлері бар.

Салтанатты шарада құттықтау сөз алған халық қалаулысы түлектерді құттықтап, университет ұжымы білім саласының дамуы мен  жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі қажырлы еңбектеріне ризашылығын білдірді.  Сондай-ақ магистратура білім беру бағдарламалары бойынша университет түлектеріне диплом табыстады.

Тағы да оқыңыз: