Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі мен қалалық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Ж.Махамбетов атындағы №43 орта мектеп базасында қала мектептерінің тәрбие орынбасарлары арасында Ұлттық пікірсайыс турнирі өтті. Шараға қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Орынша Міржақыпқызы қатысып, жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

Бәсі басым қалалық турнирге 30-дан аса тәрбие орынбасалары қатысты. Басты тақырып «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы».  Мұғалімдер өзекті тақырыптарды ортаға салып, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде №7 және №235 мектептен «Алаш айбыны» фракциясы жүлделі ІІІ орын, №10 мектептің «Тәлім» фракциясы ІІ орын алды. Барлық қарсыластарын жеңіп, өзінің шеберлігін танытқан №4 және №285 мектептен «Ұшқыр жебе» фракциясы І орын алып, облыстық кезеңге жолдама алды. 

«Үздік спикер» номинациясымен №178 мектептің тәрбие орынбасары Ерлік Оспанов, «Үздік оратор» №23 мектептің тәрбие орынбасары Тимур Шакизада, «Үздік талпыныс» №172 мектептің тәрбие орынбасары Мүсірәлі Баяхметұлы, «Үздік ойыншы» №233 мектептің тәрбие орынбасары Светлана Қалыбекова марапатталды. 

Сонымен қатар, №212 мектеп-гимназиясының мұғалімі Фариза Жамет «Үздік төреші» атанса, пікірсайысқа қатысушы фракциялар алғыс хатпен марапатталды.

404468688_1461340371260733_6773810643387661505_n.jpg404514056_1461340227927414_221249387889000548_n.jpg404440562_1461339914594112_7498784798734859548_n.jpg404467167_1461339957927441_127977413418290849_n.jpg404468096_1461340467927390_7983004377835944690_n.jpg

Тағы да оқыңыз: