Kyzylorda-news.kz. Жыл сайын аудан мектептері арасында «Ұлттық мектеп лигасы» ұйымдастырылады. Аталған лига барысында мектеп оқушылары бірнеше спорт түрінен бақ сынайды.
Жалпы, лиганың негізгі мақсаты – балаларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу мен дарынды балаларды анықтау болып табылады. Сонымен қатар саламатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақтың азаматтық және патриоттық ұстанымын қалыптастыру міндетін жүктейтін лига мектеп оқушылары арасында жүзеге асады.
Мәселен, Баскетбол, футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, футзал, асық ату, бесасық, жеңіл атлетика, үстел теннисі спорт түрлерінен өзара жарысқа түсетін мектеп командалырының арасынан жеңімпаздары анықталады. Өз кезегінде Сырдария ауданында өткен «Ұлттық мектеп лигасы» аясында аудандық іріктеу кезеңі болғандығы баршаға мәлім. Жарыс нәтижесінде жүлделі бірініші орынмен Т.Айтбаев атындағы №132 орта мектеп командасы, екінші орынмен №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей командасы, үшінші орынмен №129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицей және №37 мектеп-лицей командалары жеңіп алды.
Жеңімпаз командаларға аудандық білім бөлімі басшысының «Алғыс хаты» мен сый-сияпаты тапсырылды.