Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдасы әзірленді. 14-23 наурыз аралығында халықтық мерекені тойлауға арналған Наурызнама онкүндігі жарияланды.
Осыған орайда бүгін C.Толыбеков атындағы №3 ІТ мектеп-лицейде Ұлттық киім ұлтымыздың ұлы мерекесінің абыройын арттырған ерекше күн аталып өтілді.
Шарада 1-11 сыныптар арасында «Ұлттық киім – ұлт мұрасы» атты ұлттық киімдер дефилесі ұйымдастырылды. Дефиледе 100-ден аса оқушы ұлттық киіммен сән үлгісін көрсетті. Қатысқан барлық оқушыларға «Ең үздік ұлттық киім», «Ерекше этностиль», «Ерекше сән үлгісі», «Заманауи стиль» номинациялары бойынша дипломдармен марапатталды.