Kyzylorda-news.kz  Ұлттық құндылықтарымызды балаларға дұрыс дәріптеуде білім беру ұйымдарының жұмысы аса маңызды. Бұл ретте Қазалыдағы Ғ.Мұратбаев атындағы № 17 орта мектебі «Құндылыққа негізделген тәрбие беру үдерін модельдеу» жобасын қолға алып, оқушыларды патриотизмге баулуды мақсат етуде.  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Тың жобаның нәтижесінде білім алушылар ұлттық құндылықтарды қазіргі заманға сай икемдеп, тұлғалық қабілеттері терең дамыған дарынды оқушылар көбеюде. Бұл білім ордасының тағы бір ерекшелігі, іргетасы қаланғанына ғасырға жуық уақыт болса да әлі күнге дейін маңыздылығын жоймаған. Ғани Мұратбаевтың ізі қалған білім ордасы кішігірім музей ретінде қымбат мұрасын сақтап, оқушылардың сапалы білім алуына үлкен басымдық беруде. Аталған білім ордасының негізгі жұмысымен таныс болған БАҚ өкілдері мектеп ауласындағы Ғанибай керуені туралы тарихи көрініске куә болып, оқушылар жасаған ерекше дүниелерге қанық болды. 

– Біздің мектеп 1958 жылдардың басына дейін көрнекті қайраткер В.И.Молотов атымен аталса, ал 1959 жылдан бастап мектеп шығыс жастарының жалынды жетекшісі, жерлесіміз Ғани Мұратбаевтың есімімен аталды. Қазіргі таңда бізде 485 оқушы білім алады. Сондай-ақ, 74 мұғалім қызмет жасайды. Балалардың жан-жақты дамуы үшін мектепішілік шығармашылық топ «Шеберлер», «Шыңдалу», «Жетілу» жобаларын тұрақты жүргізіп келеді. Бұдан бөлек, заманауи технологияларды игеру мақсатында біздің мектепте арнайы кабинеттер жасақталған. Оқушыларымыз республикалық және облыстық, аудандық білім додаларында жеңімпаз атанып жүр, - деді мектеп директоры Эльмира Сматуллаева.

435280948_1981953872200115_4434377278849808498_n.jpg

435282268_1981953738866795_334227804180242903_n.jpg

435406728_1981953878866781_5600365615719291348_n.jpg

435471656_1981953765533459_6660217546122199205_n.jpg

Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тағы да оқыңыз: