Kyzylorda-news.kz  М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» бастамасын іске асыру аясында өңірлік ғылымды дамыту мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысы өтті. 

Ұлттық академия ұсынған «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» бастамасын іске асыру аясында өңірлік ғылымды дамыту мәселесі бойынша Республиканың әр өңірінен ғалымдар бас қосты. Отырысқа Жамбыл облысының әкімі Е. Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы, Ғылым және жоғары білім, Су ресурстары және ирригация, Экология және табиғи ресурстар Вице-министрлері, ҚР Парламенттің қос палатасының депутаттары, ҰАҒББО АҚ, «Атамекен» ҰКП, «Ғылым қоры» АҚ, ЖОО және ҒЗИ бірінші басшылары, өңірлік бизнес субъектілерінің басшылары, стейкхолдерлер, жетекші ғалымдар, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ отырысқа Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары да қатысып қайтты.

Ұлттық Ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысына өтті 1.jpg

Президиум отырысында өңірлік ғылымды дамыту, өңірдің ғылыми ұйымдарын басқару, жергілікті жерлерде білім тарату орталықтарын құру және олардың жұмыс істеуі мәселелері талқыланды. Осыған орай Ұлттық ғылым академиясы аталған мәселені шешуге бағытталған бірқатар нақты шаралар ұсынды. Бұл аталған іс шараларды Жамбыл облысының аймағында пилоттық режимде жүзеге асыруды және оны кейіннен еліміздің барлық өңірлерінде іске асыруға ұсыныс айтылды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары ғылыми жетістіктерін көрмеге қойды.

 

Қорлан САРЫ
Фото:aqmeshit-zhastary.kz

Тағы да оқыңыз: