Kyzylorda-news.kz. М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі «Әлеуметтік-экономикалық пәндер» ПЦК-сы оқытушылары Облыстық оқу орталығымен бірлесе отырып, «Ұлт тарихын зерделеу ұлылық, ұрпаққа қалған аманат» тақырыбында Қызылорда облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында облыстық ғылыми жобалар сайысын өткізді.
Облыстық ғылыми жобалар сайысына Қорқыт ата атындағы Қызылорда Университетінің «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Маулен Жумадилдаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда Университеті жанындағы Археология және этнография Ғылыми орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының магистрі Сейдали Билалов, №144 С.Әлжіков атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Нұрила Ибраева қазылық етті.
Сайысқа қатысушылар арасында тақырыптың өзектілігі, ғылымилығы мен жаңашылдығы, жұмыстың құрылымы, рәсімделуі, сондай-ақ, қатысушының сөйлеу мәнері бойынша критерийлер назарға алынды. Колледж білім алушылары ғылыми-зерттеушілік, жоба жұмыстарын ортаға салып, өзекті мәселелерді қозғады. Сонымен қатар, өздерінің ғылыми дәлелдемелері мен ұсыныстарын білдірді.
Сайыс қорытындысы бойынша білікті қазылар алқасының шешімімен I орынды М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледж студенті Г.Мұстафаева, II орынды Орда жоғары колледж студенті Д.Искакова, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледж студенті В.Двоеглазова иеленсе, III орынды М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледж студенті Ұ.Мухамадали және Д.Мұратова өзара бөлісті.
Сонымен қатар, ғылыми жобалар сайысының қатысушылары мен жеңімпаздарына алғыс хаттар мен сертификаттар тапсырылды.