Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жаратылыстану институтында «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Алла Кимнің 60 жас мерейтойына арналған Ғылыми кеңес отырысы өтті.

Мерейтойлық жиынға университет басшылығы, әріптестері мен сала өкілдері қатысып, ұстаздың білім мен спорт саласындағы көпжылдық еңбегіне жоғары баға берді. Университеттің Басқарма мүшесі – әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Уәлихан Ибраев құттықтау сөз сөйлеп, университет басшысының құттықтауын табыстады. Сонымен қатар жиынға «Аmanat» партиясының өкілі Алтынбек Жарылқасынов, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының оқу-спорт бөлімінің басшысы Сағидат Бертай қатысып, ізгі тілектерін жеткізді.

Алла Ким – 1985 жылдан бастап жаттықтырушы, кейін мектеп мұғалімі қызметтерін атқарып, 1993 жылдан бері университетте аға оқытушы ретінде қызмет етіп келеді. Оның жалпы педагогикалық еңбек өтілі 39 жылды құрайды. Бүгінде тәжірибелі ұстаз заманауи оқыту әдістерін тиімді қолданып, оқу-әдістемелік жұмыстар мен білім беру бағдарламаларын дамытуға елеулі үлес қосып келеді.

Ұлағатты ұстаздың 60 жылдық мерейтойы атап өтілді1.jpeg

Тағы да оқыңыз: