Kyzylorda-news.kz. 1979 жылы қазан айында сегізжылдық орыс-қазақ мектебі болып ашылған №7 мектеп-лицейі алғашқыда сыйымдылыrы 1568 оқушыға арналған білім ордасы болатын. Содан бері 45 жыл уақыт өтсе де білім көкжиегінде талай шәкіртті қанат қақтырып келеді.

Білім ордасын 1979-1984 жылдары физика пәні мұғалімі болған Шәкім Нұртазаұлы Әжібаев басқарған. Ал оның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып Л.А. Пономаренко қызмет атқарады. Алғашқы оқу жылында мектепте 48 сынып болған. Оның 32-і орыс сыныбы болса, 16-сы қазақ сыныптары екен. Ал 1980-1981 оқу жылы білім ұясы орта мектеп статусын алып, 1981-1982 оқу жылында алғашқы түлектерін қанат қақтырады.

Аталған білім ошағының сапалы білім беріп, оқушыларға жайлы жағдай жасауы үшін сол кездегі мектеп ұжымы мектептің шала біткен құрылыс жұмыстарын аяқтауға қатысып, аянбай еңбек етеді. Мектеп айналасын көгалдандыру, оқу кабинеттерін жабдықтау жұмыстарын істеп, жаңа ашылған мектептің қалыптасуына зейнеткер-ардагер ұстаздар Р.У.Ким, Р.И.Ибраева,  А.Шағдарова, М.О.Тоқсанбаева, Э.А.Пак, Н.А.Дауылбаева, П.А.Болғанбай, З.Х. Саменова тағы басқа қызметкерлер сол жұмыстың басы-қасында болып, өз үлестерін қосады.

Білім ордасының бүгінгі күнге дейін қалыптасуы үшін мектепті әр жылдары басқарған басшылардың еңбегі өте зор. Мектепті 1985-1988 жылдар аралығында руслан Чагай басқарады. Ол да физика пәні мұғалімі мамандығын алған, білім ордаларында түрлі лауазымды қызмет атқарған. Одан соң 1988-1998 жылдары мектеп басшысы ретінде Махатова Нұржамал Жамалқызы келеді. Өзі еңбек еткен білім ордасын басқару сенімі артылған ол осы жылдар аралығында мектеп тарихында өз қолтаңбасын қалдырған. Одан кейінгі жылдары мектеп басшылығына  Егизбаев Аят Жаксыбекұлы, Садуақасова Жаннат Мылтықбайқызы, Шуренов Алтынсары Әлекеұлы, Ежетаева Күләш Тұрсынқызы, Шамшатова Ануза Аманжолқызы, Абдазиева Гулзира Мажитқызы, Садықбекова Анжелика Ақмырзақызы сынды білікті мамандар қызмет атқарған.

Қайсыбір білім ошағы болсын оқушылардың сапалы білім алуына, тәрбиелі болуына баса көңіл бөлетіні анық. Аталған мектеп-лицейі де бұл бағыттан жаңылған жоқ. Мектеп абыройы алғаш рет 1984 жылы асқақтады. Бұл жылы бітірген мектеп түлегі алғашқы «алтын белгі» иегері атанып, мектеп тарихында қалды. Одан кейін бұл жолды Абдуллаева Жұлдызай (2008), Қожамжарова Ләззат (2011), Омаров Бауыржан (2012), Нұртасова Беназир (2013), Макашов Нұрболат, Жакенова Арда (2015), Өтеш Жаснұр (2017), Тұрсынбай Әсел  2018), Кенжалиева Ләйлә (2019), Гичиева Диана (2020), Денисов Артем(2020), Әбдіrаппар Дильназ (2022), Ахметәліұлы Ақтілек (2023) сынды шәкірттер жалғастырды.

Қазіргі таңда №7 мектеп-лицейі қабырғасында 2108 оқушы білім алады. Сынып комплектісі – 84, сынып кабинеттері – 47. Мектепте қазіргі заман талабына сай жабдықталrан химия, STEM, coworking, кітапхана, асхана оқушылар мен мұғалімдерге қызмет көрсетеді. Мектепте барлығы 206 мұғалім оқушыларды білім нәрімен сусындатады. Оның жоғары білімдісі - 201, арнаулы орта - 5, шебер – 1 , педагог – зерттеуші - 51, педагог – сарапшы – 38, педагог – модератор – 56, санатсыз – 53, жоғары санаттысы –1, ІІ санатты – 1 мұғалім.

Білім бәсекесінде ұстаздың білімді әрі білікті болуы маңызды. Бұл ретте мектеп-лицейдің мақтанышына айналған ұстаздар бар. Атап айтқанда, Әлібаева Ұлбосын Әбжанқызы педагог-зерттеуші, 1980 жылы Н.В.Гоголь атындағы пединститутының «Физика және математика» факультеті  бойынша бітірген. 2005  жылдан бастап Қызылорда қаласындағы 7 мектеп-лицейінде физика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. Жұмыс барысында бірнеше рет Қызылорда қалалық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен» және 2016 жылы Нұр Отанның «Құрмет грамотасымен» және «Жаңа инновациялық педоқуға» қатысып баяндама оқығаны үшін «мақтау қағазымен» марапатталған. Осы аралықтарда бірнеше тақырыптағы материалдары жарыққа енді («Ізденіс жолы» Республикалық ғылыми, ақпараттық – танымдық, педагогикалық журналында «Заман талабы – ақпараттық технология, 2018  жылы ІІ Республикалық ғылыми – тәжірибелік конференцияда «физика сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану) тақырыбында жазылған мақаласы жарыққа еніп, сертификат алды. Осы жылы жарық көрген №7 мектеп-лицейнінің білім шаңырығында ұстаздардың өмір дерегі жазылған «Мектептің-40 жылдық тарихындағы 100 есім» атты жинаққа енді.  2019 жылы Қызылорда қаласының әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. 2021-2022 оқу жылында Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде 7 сынып оқушысы Серғазы Анель марапатталды.

2022-2023 оқу жылында республикалық юниорлық олимпиаданың қалалық кезеңінде  7 сынып оқушысы Ерланұлы Мұрат 2 орынмен, 2023-2024 оқу жылында республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде  8 сынып оқушысы Ерланұлы Мұрат 3 орынмен марапатталған. Бүгінде білікті ұстаз Әлібаева Ұлбосынның оқушылары «Алтын белгі», үздік аттестат, жоғары оқу орны грант иегерлері атануда. Сонымен қатар №7 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагог-шебер ұстазы Кенжалиева Гүлжанат Абатқызында ерекше атап өтуге болады. Кенжалиева Гүлжанат 2013 жылы Қызылорда облысы әкімінің білім беру саласы қызметкерлеріне тағайындаған сыйақысының жүлдегері, миллионер ұстаз. 2016 жылы ҚР Білім және Fылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2017 жылы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы аясында «Жылдың үздік ұстазы» төсбелгісімен марапатталады. «Өлкетану» оқулығының авторы. Одан бөлек Килибаева Рауа Маликқызы да мектеп мақтанышы. Ол орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, мектеп тренері. 1992 жылдан бастап №7 мектеп-лицейінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен үздіксіз дәріс беріп келеді.

2000-2017 жж ұстаздықпен қатар 17 жыл бойы бірлестік жетекшілік қызметін қоса алып жүрген. 2016 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагог кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсын сәтті аяқтап, қыркүйек айнан бастап мектеп тренерінің жұмысын атқарып келеді. 2016 жылдың 25-27 қараша айында өткізілген «Ең үздік тренинг» тақырыбындағы республикалық конкурста I орынға ие болған. 2017 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы республикалық білім қызметкерлерінің Ассоциациясы ұйымдастырған ғылыми-практикалық конференциясында баяндама оқып, оның ішінде мемлекеттік қазақ тілінің маңыздығын насихаттап, материалдарың жариялағаны үшін «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісімен марапатталған. Килибаева Рауаның оқушылары пәндік олимпиадалар мен rылыми жобалар байқауларында жүлделі орындарrа ие болып, ҰБТ жоғары нәтиже көрсетіп жүр.

Мектеп мақтанышына айналған тағы бір ұстаз – Жаканова Бакира Кәрімбердіқызы. 2011 жылы музыка пәні мұrалімі Жаканова Бакира  қала әкімінің «Yздік мұғалім-2011» грантына ұсынылып, «Диплом» және 150 000 теңге сыйақыға ие болады. Бұдан бөлек Ысқақова Ботагөз Тұрсынханқызы педагогика саласындағы еңбек жолын Қызылорда   қаласындағы №7 орта мектепте мұғалімі қызметінен бастаған. Ботагөз Тұрсынханқызы сабақ беретін оқушыларының жетістіктері жайлы айтар болсақ оқушылары пәндік олимпиадалардан, rылыми жобалар байқауларында жүлделі орындарrа ие болып, химия және биология пәндерінен грант иегерлері атанып жүр. 2017 жылы «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған химия пәнінен республикалық қашықтық олимпиада жүлделі орын алғаны үшін І дәрежелі дипломымен Хан Наталья, Денисов Артем, Ким Яна, Нұрқожа Айгерім марапатталған. 2021 ж 11 сынып оқушысы Алпысбаев Әлішер республикалық пәндік олимпиаданың биология пәнінен қалалық кезеңде І орын алып, облыстық кезеңінде ІІІ орынға ие болған. Төлепбаева Гүлмира Әбдіғапбарқызыда мектептегі білікті ұстаздардың бірі.  Ол 1997 жылдан бастап Қызылорда қаласындаrы №7 мектеп-лицейінде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарады. 2009   жылы  Төлепбаева Гүлмира облыс әкімінің «Yздік мұғалім-2009» номинациясы бойынша ұйымдастырылған грантқа қатысып, ІІ дәрежелі дипломымен және 150 000 теңге сыйақыға ие болады. 2014 жылы Төлепбаева Гүлмира облыс әкімінің «Yздік мұғалім» номинациясы бойынша грант иегері атанып, 1 000 000 (бір миллион) теңге сыйақыrа ие болып, «Миллионер ұстаз» атанады. Гүлмира Әбдіғапбарқызының оқушылары «Алтын белгі», «Үздік аттестат», ЖОО грант иегерлері қатарында. Қазіргі таңда Төлепбаева Гүлмира мектептегі ұстаздықпен қатар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің болашақ мамандарына дуальды оқыту бойынша дәріс беріп, тәжірибе тарату жұмыстарын сәтті жүргізуде.

Білім бәсекесінде үздік көрініп жүрген ұстаздың бірі, педагог-зерттеуші – Жолдыбаева Гаухар Сейдуллақызы. 1998 жылдан бастап Қызылорда қаласындағы №7 мектеп-лицейінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып қызмет атқаруда.  Гаухар Сейдуллақызы еңбек жолында жетістіктерге жеткені ушін марапатталған. 2019 жылы Қызылорда қаласы әкімінің «Алғыс» хатымен марапатталған. 2019 жылы Қызылорда қаласының білім бөлімінің  дипломымен марапатталған. Гаухар Сейдуллақызының шәкірттері қазіргі кезде түрлі сала мамандары. Олардың арасында «Алтын белгі», «Үздік аттестат», Халықаралық «British Bulldog» конкурсының, республикалық зияткерлік олимпиада жүлдегерлері, спорт саласына өзіндік зор үлесін қосып жүрген футболшылар да ұстаздың сүйікті шәкірттері. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолында, заман талабына сай, қоғамға лайықты, білімді, бәсекеге қабілетті шәкірттерді тәрбиелеу - басты мақсаты.

Білікті ұстаздың бірі – Ізбақыш Бейбіткүл Оңдасынқызы. Тарих пәнінің мұғалімі, педагог- зерттеуші. 2018 жылы республикалық «Бейбітшілік әлемі» «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығы құрметіне арналған «Мәңгі ел –Қазақстаным!» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында шәкірттерінің ғылыми жобаларына жетекшілік еңбегі үшін Ізбакыш Бейбіткүл Оңдасынқызы «Құрмет Грамотасы» және «Қазақ хандығына 550 жыл» атты төс белгісімен марапатталған. 2018 жылы Дүниежүзі тарихы бойынша «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқыту әдістемесі» тақырыбындағы  сабағы республикалық жинаққа енді. 2019 ж оқушыларға педагогика саласында заманауи білім, саналы тәрбие берудегі мол еңбегі үшін «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Ұстаздар Одағының «Құрмет Грамотасы» және «Қазақ Хандығына – 550» жыл медалімен марапатталды. Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген «Үздік тарих пәнінің мұғалімі-2019» атты инновациялық байқауда «Құрмет грамотасы», «Үздік тарихшы» төсбелгісімен марапатталды. Бейбіткүл Оңдасынқызы «Алтын кітап» атты Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет қызметкерлеріне арналған энциклопедиясына енген. Сонымен бірге «Үздік педагог» төсбелгісімен марапатталған. Ізбакыш Бейбіткүл Оңдасынқызының оқушылары Республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздарын тәрбиелеп, қалалық,облыстық қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, көптеген жетістікке ие болып жүрген ұлағатты ұстаз.

Мектеп мақтанышына айналған тағы бір ұстаз – Омарова Малика Мінайдарқызы. 2000-2001 оқу жылынан бастап Қызылорда қаласындағы №7 мектеп-лицейінде дене шынықтыру пәні мұғалімі болып қызмет атқарады. 2019 жылы Президенттік көпсайыстан  Қазақстан Республикасының Чемпионатында ІІІ орын жеңіп алған. 2019 жылы Облыстық мұғалімдер спартакиадасында баскетболдан I орын иеленді. 2021 жылы қалалық Президенттік көпсайыстан І дәрежелі диплом, 2021 жылы Ресй Казань ұлттық жартылай марафонында І орын иеленді. 2022 жылы Қызылорда облыстық баскетбол федерациясы Президентінен «Үздік жаттықтырушы» номинациясын, 2022 жылы президенттік көпсайыстың күш гимнастикасынан қалалық ашық біріншілкте ІІІ дәрежелі диплом, 2022 жылы президенттік көпсайыстың жүзуден қалалық ашық біріншілкте ІІІ дәрежелі диплом, 2022 жылы президенттік көпсайыстың жүгіру жарысынан қалалық ашық біріншілкте ІІІ дәрежелі диплом, 2022 жылы Республикалық стритбол турнирі І дәрежелі диплом иегері. Қазіргі таңда Омарова Малика №7 мектеп-лицейіндегі тәжірибелі, үлгілі ұстаздардың бірі. Шәкірттері қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі спорттық жарыстардың барлық түрлерінен  жеңімпаз болып жүлделі орындарға ие. Сонымен бірге оқу-тәрбие жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырады, оқушының тәрбиелі,  жан-жақты болуына, белгілі бір қабілеті бар тұлға ретінде қалыптастыруда.

Білікті ұстазы бар білім ошағының оқушылары да озат болады. Бүгінде мектеп абыройын асқақтатар жетістіктер жетерлік. Мәселен, 2021 жылы – бастауыш сынып мұғалімі Ешпанова Жадыра Жеткербайқызының 4 сынып оқушысы Әзербай Нұрсезім Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының қалалық, облыстық кезеңдерінің жеңімпазы атанып, республикалық кезеңінен де І орын иеленсе, бастауыш сынып мұғалімі Бектемісова Меңсұлу Мұхамеджанқызының  3 сынып оқушысы Қонақбаев Санжар Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңінде І орын жеңіп алып, облыстық кезеңінде жүлделі ІІІ орын иеленді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Андақұлова Марал Балтабайқызының 10 сынып оқушысы Бүркітбай Айдын республикалық «Дарын» ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінде жүлделі І орын иеленген. Бастауыш сынып мұғалімі Жақыпова Назым «Үздік жаратылыстану пәнінің мұғалімі-2021» кәсіптік байқауында жүлделі ІІ орын, бастауыш сынып мұғалімі Бектемісова Менсұлу Мухамеджанқызы «Үздік математика пәнінің мұғалімі-2021» кәсіптік байқауында жүлделі ІІ орын, 2022 жылы бастауыш сынып мұғалімі Дарменова Алина Тұрарбекқызы «Үздік жас маман-2022» байқауының қалалық кезеңінде жүлделі ІІІ орын, бастауыш сынып мұғалімі Дарменова Алина Тұрарбекқызының 2 сынып оқушысы Амангелді Айсана республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының қалалық және облыстық кезеңдерінде І орын жеңіп, республикалық кезеңінде «Алғыс» иеленіп келеді. Бастауыш сынып мұғалімі Ниязбаева Алма Рахатқызының 2 сынып оқушысы Ким Лия республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңінде ІІ орын, музыка пәнінің мұғалімі Жаканова Бакира Каримбердіқызының 4 сынып оқушысы Бақыт Іңкәр республикалық «Топ жарған» балалар өнер шығармашылығы байқауының жеңімпазы атанды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ідірісова Әйгерім республикалық үстел үсті теннисі бойынша мұғалімдер спартакиадасында жүлделі ІІ орын иеленіп, «Үздік спортшы» атағына ие болған. Тарих пәнінің мұғалімі Ибраева Балзира Мешітбайқызы «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының облыстық  кезеңінде  жүлделі ІІ орын иеленсе,   бастауыш сынып мұғалімі Төрехожаева Мархабат «Үздік қазақ тілі пәнінің мұғалімі-2022» кәсіптік байқауының қалалық кезеңінде І орын иеленген. Ал 2023 жылы – ағылшын тілі пәні мұғалімі Емжар Ақеркенің 4 сынып оқушысы Нугманов Надир республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңінде І орын жеңімпаз атанып, облыстық кезеңінде жүлделі ІІ орынға ие болған. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Хамидуллаев Нұрбек «Жаңашыл ұстаз-2023» жас мамандардың кәсіби байқауының қалалық кезеңінде жүлделі ІІ орын, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Емжар Ақерке қалалық «ТЕД-Х» байқауында жеңімпаз атанып І орын, бастауыш сынып мұғалімі Айдаулетова Гүлбану Амангелдіқызы «Бастауыш сыныптағы дүниетану пәнінің Үздік мұғалімі-2023» облыстық кәсіби байқауының қалалық кезеңінен І орын, бастауыш сынып мұғалімі Бабанова Жанат Мұратқызыың оқушысы Оразбаева Сабина республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңінде жеңімпаз атанып, облыстық кезеңінде жүлделі ІІ орын, ағылшын тілі пәні мұғалімі Емжар Ақеркенің 5 сынып оқушысы Нугманов Надир республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңінде ІІІ орынға ие болды және республикалық олимпиадасының қалалық кезеңде ағылшын тілі пәнінен І орын, облыстық кезеңінен І орын иеленіп, республикалық кезеңінде жүлделі ІІ орын жеңіп алған. Мектеп оқушылары республикалық пәндік олимпиадасының қалалық кезеңдерінде жақсы нәтижелер көрсетіп, облыстық кезеңінде жүлделі орындар иеленуде.

Жарты ғасырға жуық тарихы бар білім ордасының өскелең ұрпақ тәрбиесі жолындағы еңбегінің нәтижесі жемісті. Білім көкжиегінде талай шәкіртті қияға қанат қақтырған №7 мектеп-лицейі қала мектептері арасында өзінің айшықты орнын, тарихы қолтаңбасын қалдыра берері анық.

А.ӘЛІМ

Тағы да оқыңыз: