Kyzylorda-news.kz  М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде оқу-әдістемелік және тәрбие бөлімдерінің ұйымдастыруымен колледжішілік студенттер арасында «Үздік ғылыми жоба-2024» байқауы өтті.

Мақсаты - студенттердің ғылыми-зерттеу әлеуетін қалыптастыра отырып, беймәлім құпияны ашуға, бірегей идеяларды ұсынуға, қарастырылатын мәселелерді жаңадан қайта қарастыруға бейімдеп, шығармашылық және танымдық қасиеттерін үздіксіз дамыту.

«Үздік ғылыми жоба-2024» байқауы барысында студенттерге алдын ала  6 бағыт бойынша ғылыми-зерттеу тақырыптары беріліп, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ең бастысы білім алушылар колледж тарихы, соғыс жылдарындағы атқарылған жұмыстар, соғысқа аттанған түлектер олардың майдан даласындағы ерліктері жайлы, сонымен қатар колледждің жұлдызды түлектері мен ұстаздарының өмір тарихын зерттейді. Атап айтар болсақ,

1- бағыт. «Ұрпаққа ұран- ұлы есім».

Кеңес Одағының Батыры М.Мәметова  жайлы   

2-бағыт. «Рухы асқақтар аласармайды».

ҰОС қатысқан училище түлектері жайлы   

3-бағыт. «Нұргүлдің нұрлы кездері» 

«Нұргүл» ансамблі жайлы

4- бағыт. «Қорғасын жауған жылдары. 1941-1945жж».

Колледждің ҰОС жылдарындағы тарихы жайлы. 

5- бағыт. «Ұстаздар ұстаханасынан түлеп ұшқан талантты/жұлдызды түлектер».

Колледж мақтанышына айналған түлектер жайлы 

6- бағыт. «Ұстазым – ұлағатым, үлгі-өнегем».

Колледждің ардагер ұстаздары жайлы  зерттеу жұмыстарын жүргізді. 

Білім алушылар байқауға жақсы дайындықпен келіп, өздерінің зерттеп жүрген тақырыптарын ортаға салды. Жан-жақты зерттеу жүргізіп,өздері ғылыми жоба тақырыбы бойынша арнайы сұхбаттар алып, өз ұсыныстарымен бөлісті. «Үздік ғылыми жоба-2024» байқауына белсене қатысқан студенттер арнайы  дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кету керек, бүгінде елімізде жас ғалымдар отандық ғылымның дамуына сүбелі үлес қосуда. Алыс-жақын шетелдердегі ғылыми орталықта тәжірибе жинақтаған жастар жаңа зерттеу жұмыстарымен, халықаралық рейтингтегі көрсеткіштерімен қуантуда.

Бүгінде «500 ғалым» бағдарламасы ғалымдардың әлемдегі беделді ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өтіп, шетелдік зерттеушілермен ынтымақтастық байланыс орнатуына мүмкіндік берді. Жас ғалымдарды қолдау жұмыстары жоғары оқу орындарында да жүзеге асуда. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге арналған ректор гранты конкурсы 3 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Былтыр үздік деп танылған 8 жобаның авторына 1 млн 250 мың теңгеден грант сертификаты табысталды.

Тағы да оқыңыз: