Kyzylorda-news.kz  Орда жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Тілдер» бөлімінің апталығы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Қызылорда филиалы бойынша кәсіби даму институтымен бірлескен І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б.Майлиннің 130 жасқа толуына орай «Үш бәйтерек – үш алып» тақырыбында аргументативті эссе байқауы ұйымдастырылды. Байқауға қала мектептерінің  9-сынып оқушылары қатысты.

Оқушылардың сөз саптауына, стилистикалық және орфографиялық сауаттылығына, көркем ой мен шығарма мазмұнына, сыни тұрғыдан ойлауы мен өз тұжырымдарының болуына назар аударған қазылар алқасы байқау нәтижесін төмендегіше бағалады:

Бахытжанова Жанель – І орын, С.Әлжіков атындағы  №144 орта мектептің 9-сынып оқушысы; Қанатқызы Надира – ІІ орын, Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы; Саматқызы Аяна – ІІ орын, Қ.Мұхамеджанов атындағы  №1 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы; Зейнуллақызы Айзере - ІІІ орын, №253 орта мектептің 9-сынып оқушысы; Әнтай Кәусар – ІІІ орын, И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы; Шадитөре Инабат – ІІІ орын, Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы.

Қатысқан оқушылар «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Қызылорда филиалы бойынша кәсіби даму институтымен бекітілген дипломдармен марапатталды. 

Ұйымдастырушы – Г.М.Фазылова

 

Қорлан САРЫ

Тағы да оқыңыз: