Kyzylorda-news.kz.   Түркістан облысының прокуратурасы «Жетісай ауданының білім бөлімі» ММ бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Тергеу барысында аталған мекеменің бухгалтерлері 2021-2023 жылдар аралығында алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып, мектеп қызметкерлерінің анкеталық мәліметтерін өзгерту арқылы жалақыға бөлінген мемлекет ақшаларын аса ірі мөлшерде жымқырғандары анықталды»,- делінген хабарламада.

Келтірілген залалдың соммасы 530 млн теңгені құраған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен 3 күдікті тұлға уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.

Аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: