Kyzylorda-news.kz. Жаз айында өткізілетін ҰБТ уақыты әзірге өзгеріссіз. Тестілеу форматында өзгеріс жоқ.

Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Бердаулетов өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.

-Былтырғыдай 5 пән бойынша 120 сұрақтан тұратын тест тапсырып, ең жоғары 140 балл жинауға мүмкіндік болады. ҰБТ-ға қатысу үшін 15 сәуірден 30 мамырға дейін онлайн түрде тіркелу керек, – деді ол.

Ал дайындық жүргізуге арналған тест сынамалары Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында қолжетімді. Тегін.

Тағы да оқыңыз: