Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданына қарасты Қалжан Ахун ауылында орналасқан №126 орта мектепке оқу жылын аяқтау шаралары мен ҰБТ-ға дайындығын тексеру мақсатында Сырдария аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков іс-сапарға барды.

      Іс-сапар барысында  бөлім басшысы мектеп бітіруші түлектермен арнайы кездесті. Сынама тест нәтижелерін оқушылармен бірлесе отыра талдап, мектеп бітіруші түлектердің ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Пән мұғалімдерінің ҰБТ дайындығы бойынша бірнеше мәселелер қаралып, пысықталды.

      – Білім сапасын көтеру басты міндетіміз. Осы тұста білім сапасын арттыру аясында әркез жүйелі жұмыстар атқарылып, бірқатар мәселелер міндетті түрде қаралып отырады. Осыған байланысты кеңейтілген алқа мәжілісінде 5 мәселе қаралған болатын. Атап айтқанда:

1. Білім сапасы, мемлекеттік аттестаттау барысында өткізілген кешенді тестілеу нәтижелері;

2. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингке дайындық барысы;

3. Пәндік олимпиадалар қорытындысы ;

4. ҰБТ-ның ақылы кезеңдерінің қорытындысы;

5. Kundelik.kz электронды журналының жүргізілуі.

       Аталған мәселелер бойынша жан-жақты терең талдаулар жасалып, мектеп директорларына нақты тапсырмалар берілді. Білім сапасын арттыру мақсатындағы жұмыстар әркез білім бөлімінің бақылауында болады.

      Биылғы  оқу жылында 442 оқушы мектеп табалдырығынан түлеп ұшқалы отыр. Оның 404-і немесе 91 пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірген болатын. Жалпы саны 28 түлек "Алтын белгі" белгісіне үміткер. 2024 жылдың  наурыз айында өткізілген ақылы ҰБТ-де ауданның орташа көрсеткіші 77 балды құрады. ҰБТ-ге дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүргізілуде. Аталған мәселе білім бөлімі басшысының басты назарында.

Тағы да оқыңыз: