Kyzylorda-news.kz Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай, Қазақстан Халық партиясы көпшілік арасында сауалнама жүргізді.

Іс-шараның мақсаты — ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, сондай-ақ әр буын өкілдері арасында Абай мұрасын кеңінен дәріптеу болып табылады.

Сауалнама барысында қатысушыларға Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармалары және қара сөздеріне қатысты сұрақтар қойылды. Сұрақтарға дұрыс жауап берген азаматтарға Абайдың “Қара сөздері” кітабы сыйлық ретінде табысталды.

Бұл шара халықтың әдеби-рухани санасын көтеру, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру және жастар арасында Абай шығармашылығын дәріптеу бағытында ұйымдастырылды.

Тағы да оқыңыз: