Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушысы Нұрасыл Әбдікер (жетекшілері Ақбота Жұмабай, Гүлзат Шынтасова) «Эмоция тілі» атты үстел ойынын жасады.

Жоба идеясы Бауыржан Момышұлының Ұшқан ұя шығармасын оқығаннан кейін туындаған. Нұрасыл көптеген оқушылар тұрақты тіркестерді түсінуде қиындыққа тап болып, мәтіннің мәнін толық сезіне алмайтынын байқаған.

ниш.jpeg

Ойын қуаныш, қорқыныш, реніш, ашу сияқты эмоцияларды білдіретін фразеологизмдерді үйретуге көмектеседі, сөздік қорды байытады және қазақ тілінде көркем сөйлеуді дамытады. Сыныпта жүргізген апробация нәтижесінде балалардың шығарманы оқуға қызығушылығы артып, мазмұның терең түсінуге мүмкіндік бергені байқалды.

Жоба 2-7 сынып оқушылары арасында өткен XXI Республикалық «Зерде» шығармашылық және зерттеу жобалары байқауында жоғары бағаланды. 260 жұмыс арасынан Нұрасылдың жобасы II орынмен марапатталды.

ниш.jpeg

Тағы да оқыңыз: