Kyzylorda-news.kz «Тұмарша» жасау өнерінен қолөнерші Тамарахан Алдадосованың шеберлік сағаты өтті.
Бүгін «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Креативті HUB» бағыты бойынша кент тұрғыны, қолөнерші, құрақ құраушы, кілем тоқушы, ардагер ұстаз Тамарахан Алдадосованың «Тұмарша» жасау өнерінен шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
Мақсат - өткен ғасырда өмір сүрген қазақ ұсталары мен зергерлерінің мұраларын бүгінгі ұрпаққа насихаттау, қолөнер бұйымдарын ел назарына ұсыну. Киелі халқымыздың қолынан шыққан осы бір өнер туындалары сан алуан қырымен, жасалу шеберлігімен, құндылығымен халқының ұлттық байлығын, ұсталық, зергерлік кәсібінің бірегей, ерекше дәстүрін әлемге ұғындыру болып табылады.