maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Халықаралық «Орда» жоғары колледжінің 25 жылдық мерейтойына орай өңірге келген Түркиялық білім беру ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті.

Жиынға Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева, Аппарат басшысы Тайыржан Искаков, Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Наргүл Сақтағанова, Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Уәлихан Ибраев, Халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Шерхан Бітімбай, сондай-ақ Халықаралық «Орда» жоғары колледжінің директоры Алайдар Сейтжанов қатысты.

Түркиялық делегация құрамында Эскишехир ұйымдасқан өнеркәсіп аймағы жекеменшік кәсіптік-техникалық Анадолы лицейінің директоры Бүлент Сегмен және мұғалімі Айтач Мехмет Бурхан, Жемал Мүмтаз әлеуметтік ғылымдар лицейінің директоры Метин Эркмен мен мұғалімдері Эмруллах Ақсақал және Айше Гүмүш, Мехмет Шенгүл жаратылыстану ғылымдары лицейі директорының орынбасары Есин Мунган мен мұғалімі Сердар Айналы, сондай-ақ үйлестіруші мұғалім Метин Ердоған болды.

Кездесу барысында Дана Абдрашева қонақтарды университеттің тарихымен, білім беру бағыттарымен және оқу орнының даму басымдықтарымен таныстырды.

Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту, педагогтердің өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастыру және бірлескен жаппай ашық онлайн курстарды (MOOC) әзірлеу мәселелерін талқылады.

Тағы да оқыңыз: