Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті өкілдерінің Түркияға іссапары жалғасуда. Аланья жастар орталығына барып, орталықтың жұмысымен танысты. Онда 30-дан аса үйірме 24/7 жұмыс істейді. Бұған дейін, делегация Анталья жастар орталығына барып, әлемдік фестивальдерде орын алған қысқаметражды фильмді тамашалады.

Түркиядағы жастар саясатының басты мақсаты - жастарды спортқа баулу, қолөнерді кеңінен дәріптеу, жастарды технологиялық біліммен қамтамасыз ету, олардың бос уақытын тиімді пайдалануын қадағалау, жаман әдеттерден тыю.

Іссапар барысында Ақдениз университетінің Бас хатшы орынбасары Гүлсім Актаг ханым мен Аланьянын ең үлкен жоғары білім ордасы Аланья Аладин Кейкубат университетінің ректоры Кенан Ахмет Түркдоғанмен кездесу өтті. Кездесу барысында екі университет арасындағы ынтымақтастықты дамыту, қос дипломды бағдарламаны іске асыру, екі жақты студент алмасу талқыланып, біріккен жобаларды жүзеге асыру бойынша келісімге келді.

Сондай-ақ, университет кампусына тур ұйымдастырылып, жалпы түрік студенттердің өмірімен таныстырды. Түрік жастары арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, түрік халық әндерінің тарихымен, музыкалық аспаптарымен таныстырды. Бұл ретте Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің жастары домбырамен күй шертіп, қазақ ұлтының өнерін паш етті.

Тағы да оқыңыз: