Kyzylorda-news.kz Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның түлегі Жәнібек Әбілхан Ұлттық бірыңғай тесттен 140 ұпай алды, деп хабарлады turkystan.kz.
Ол Ұлттық бірыңғай тестілеуде ирформатика пәнін таңдаған.
«Көпбалалы отбасыдан шыққан Жәнібек ізденімпаз, білімді оқушы. Жәнібектің жетістігі – табандылық пен жүйелі дайындықтың нәтижесі.
Жәнібек Асқарұлы – арманға жетудің мүмкін екендігін дәлелдеген жастың бейнесі. Оның табандылығы, жауапкершілігі, уақытты тиімді пайдалануы мен өзіне деген сенімі – өзге оқушыларға үлкен үлгі», - делінген Түркістан облысының Білім басқармасының хабарламасында.
Фото: Түркістан облысының Білім басқармасы