Kyzylorda-news.kz.  Бүгін Қызылорда қаласы Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің түлектеріне облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет аттестат табыстады.

Аталмыш білім ошағы 1919 жылы құрылып, 2021 оқу жылынан бастап Абай атындағы дарынды балалар оқитын мектеп мәртебесіне ие болған.

Бүгінде 100 жылдан астам тарихы бар бұл білім ордасында 198 түлек жаңа өмірге қанат қағуда. Мемлекеттік аттестаттаудың қорытындысы бойынша оның 12-і «Алтын белгі» және 29-ы «Үздік аттестат» иегері атануда.

Мерекелік шараға қатысқан Мейрамбек Зинабдинұлы мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, 198 оқушыға аттестат тапсырып, «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегері атанған түлектерді үздік нәтижелерімен құттықтады.

Бүгінгі жас түлектеріміздің әрқайсысы осы алтын ұя мектептерінде 11 жыл оқып, сапалы білім мен саналы тәрбие алып, «Өмір» атты үлкен теңізге аяқ басуда. Әрине, бұл өмірдің талай кедір-бұдырлары болатыны сөзсіз. Бұл ретте мектеп қабырғасында алған білімдеріңіз осы жолда сенімді серік болады деп сенемін. Баршаңыз Ұлттық бірыңғай тестілеуде жақсы нәтиже көрсетіп, өздеріңіз таңдаған мамандықтарыңыз арқылы білім алып, осы дүниенің бір кірпіші болып орындарыңызды табуларыңызға тілектеспін. Бар білімдеріңізді Әділетті Қазақстанның, туған жерлеріңіз Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне жұмсап, үлкен жетістікке жете беріңіздер, - деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, биыл Қызылорда облысы бойынша мектепті 8 318 оқушы бітіріп, 7 421 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуде бағын сынауда. Сондай-ақ, негізгі орта білім туралы аттестатты алатын, яғни 9 - сыныпты бітірушілер саны - 15 546 оқушы. Оның ішінде «Үздік аттестат» иегерлер саны - 1 944. Ал, 11 - сыныпты бітіруші түлектер саны - 8 318 болса, оның 514-і «Алтын белгі», 823 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері атануда.

347379998_1627144601122072_6513598943045017886_n.jpg

 

347414323_1627144584455407_7693981100124718125_n.jpg

 

347382405_1627144657788733_4009621729152085481_n.jpg

Тағы да оқыңыз: