Kyzylorda-news.kz 4 қыркүйек күні облыстық кітапханада Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тілім – менің байлығым» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шараға «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік тіл оқытушысы Ү.Ақниетқызы, «Qazbilim Qyzylorda» ұлттық лицейінің қазақ тілі пәні мұғалімі А.Темирова, Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ жетекші сарапшысы, «Ассамблея жастары» РҚБ облыстық филиалының төрағасы, «Корей» этномәдени бірлестігі мүшесі Е.Пак, «Татар» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Г.Гизатуллина, сондай-ақ Қызылорда Ашық университетінің, М.Ықсанов атындағы политехникалық колледжінің және «Orda» жоғары колледжінің студенттері қатысты.

Қатысушылар тілдің халықтың рухани мұрасы әрі ұрпақтан-ұрпаққа жететін асыл қазына екеніне тоқталып, қазақ тілінің мәртебесін көтеру мен этносаралық қатынастағы маңызы жайында ой бөлісті.

Шара аясында оқырмандар назарына «Тілге құрмет – ұлтқа құрмет» атты кітап көрмесі ұсынылды.

ассамблея.jpgассамблея 7.jpgассамблея 2.jpgассамблея 9.jpgассамблея 8.jpgассамблея 6.jpg

Тағы да оқыңыз: