Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан халқы тілдері күні танымдық іc-шаралар ұйымдастырылуда.
Таңертең оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілі бірлестіктерінің ұйымдастырған белсенді ойындарына қатысты.
Келушілер тілдік пазл құрастыру, мақал-мәтел табу, ребус шешу, жасырылған сөздердің үш тілдегі аудармасын айту, идиоманы жалғастыру секілді тапсырмалар орындап, білімдерін арттырды.
9-сынып оқушысы Аделина Финансова мен 10-сынып оқушысы Ярослав Баев домбыра мен гитарада әйгілі «Адай» күйін тартып, ұлттық өнерді жаңғыртты.
Сонымен қатар, бүгін 8-сынып оқушылары арасында тілдік квест өткізу жоспарланған, ал 9-сыныптың білім алушылары «Spelling bee» ойынында орфографиялық дағдыларын дамытатын болады.