Kyzylorda-news.kz «Мектепке дейінгі педагогика» ПЦК-ның «Жаңа формация педагогы – кәсіби маман даярлаудың алғышарты» атты апталығы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Мен зерттеушімін» тақырыбындағы қалалық жобалау-зерттеу байқауы өтті. 

Мақсаты – Студенттердің тұрақты және тиімді ғылыми-зерттеу қызметін жасау, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға студенттерді баулу;

Ғылыми зерттеу жұмысы - жобаның мәлімделген тақырыпқа сәйкестігі, мақсат, міндеттері мен нәтижені қалыптастырудың бар болуы және сауаттылығы, материалды ұсынудың қисындылығы мен дәйектілігі және жұмыстың жүйелілігі мен жоба нәтижесінің тақырыпқа сәйкестігі бойынша бағаланды. 

Жас зерттеушілер еңбегіне «Шұғыла» жеке мектепке дейінгі мекемесінің тәрбиешісі – Жұлдызай Бекжанова, «Алпамыс» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі – Калдан Туякбаева және №2 Нұр Шұғыла жеке мектепке дейінгі мекемесінің тәрбиешісі – Ерғали Меруерт Қайратқызы әділқазылық етіп, назарға ұсынылған жұмыстарды сарапқа салды. 

Қалалық жобалау-зерттеу байқауы нәтижесінде «М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі студенті Алдиярова Айдана – І орын, «ORDA» жоғары колледжі мемлекеттік емес білім беру мекемесі студенті Дамира Алпысбай – ІІ орын, «М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі студенті Меруерт Сайлауова – ІІІ орын иеленді. 

Сонымен қатар бірқатар қатысушыларға зерттеу жұмысы нәтижесіне сай номинациялар табысталды. Атап айтсақ, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі студенті Раушан Нурдаулетова  – «Жаңа инновациялық жоба»; М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі студенті Айжан Айназарова – «Жаңашыл идея» номинациясы; «М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі студенті Жаннұр Құрманәлиева – «Үздік зерттеуші» номинациясы; «ORDA» жоғары колледжі мемлекеттік емес білім беру мекемесі студенті Динара Орынбаева – «Алғыр ой» номинациясы;  «М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі студенті Нұрай Шымбергенова – «Креативті жоба» номинациясы; «М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі студенті Сандуғаш Әуесбай – «Ойшыл жоба» номинациясын иеленді.

 

Қорлан САРЫ

Тағы да оқыңыз: