Kyzylorda-news.kz Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай «Ұлт саулығы – ұлы міндет» атты денсаулық сағаты өтті. Денсаулық шарасына қалаға қарасты Тасбөгет кентінде орналасқан №11мектеп- лицейінің 7 «А» сынып оқушылары қатысты.

Шараға №4 қалалық емхананың салауатты өмір салтының қалыптастыру маманы Махмутова Жәмиля Әнуарбекқызы қатысып, оқушыларға денсаулық адамзаттың ең құнды байлығы екендігін, денсаулықты еш байлықпен салыстыруға келмейтінін түсіндірді. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру керек екендігін, жаман әдеттерден сақтанып, темекінің жас ағзаға зиянды екенін түсіндіріп, оқушыларға денені шынықтыру, сергіту сәтінде дене жаттығулары жасатылды.

Сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттау тақырыптарында ақпараттық материалдар таратылды. №11 мектеп – лицейінің кітапхана меңгерушісі Байымбетова Шолпан, 7 «А» сынып жетекші Исмайлова Айсұлу денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас қазынасы екенін айтып, денсаулықтың қадірін ерте жастан ұғыну керектігін жеткізді. Зиянды әдеттерден аулақ болып, «Денсаулықтың кепілі – салауаттылық» деген ұстаныммен шараны қорытындыланды. Шара барысында оқушыларға «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Тағы да оқыңыз: