Kyzylorda-news.kz Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты  № 1, 13, 20 кітапханалар С.Майханова атындағы мәдениет үйінде 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық мерекесіне орай «BOOKКРУИЗ»  жобасы аясында  «Кітап дәуір айнасы»  атты мерекелік кеш өткізді.   

Шараны Тасбөгет кентінің қоғамдық кеңесінің мүшесі, еңбек ардагері Тобағабылов, «Кәсіпкер келбеті»газеті редакторы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Ж.Таңрықбаев, ҚР құрметті ұстазы А.Тіллеуова кіріспе сөзбен ашып, кітаптың рухани құндылығына тоқталып, оқырмандарды кітап мерекесімен құттықтады. 

Іс-шара барысында мәдениет үйі фойесінде  «Coffee Book», «Қоржын ВООК» бұрыштары ұйымдастырылып оқырмандар арасында түрлі қызықты сұрақтар бойынша ойындар жүргізілді. Кітап мұқабасын киген екі оқырман жыр дискіге арнайы жазылған ұлағатты сөздер айтып, «Шаттық» би үйірмесінің  бишілері «Құпия кітап» биімен  кешті түрлендірді.

Оқырмандар кең көлемді кітап көрмесі бойынша қазақ, әлем жазушыларының әдебиеттерімен қатар жас толқын ақын-жазушыларының шығармаларымен таныстырылды. Кітапхананың тұрақты оқырмандары белгілі ақындар Адырбек Сопыбеков «Кітап», Әбілда Тәжібаев «Сырдария», Фариза Оңғарсынова «О, туған жер», Сазанбаева Динара «Кітап білім бұлағы», Досболат Санат «Кітаптың қадірі» өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.  Сонымен қатар оқырмандар арасынан оқыған 5 кітаптың үзіндісінен көрініс жасап, «Дарын» ән үйірмесінің өнерпазы Жолдасбай Ерасыл «Мен қазақтың баласы» әнін шырқады. Шараны Қалалық кітапханалар жүйесінің директоры Рахметова Гулмира Шамсутдинқызы қортындылап, белсенді қатысқан оқырмандарға алғысын білдірді.

Тағы да оқыңыз: