Kyzylorda-news.kz Қазалы ауданында барлығы 40-қа жуық мектеп бар. Солардың қатарында Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектептің алар орны тым бөлек. Бұл білім ордасынан бүгінде Қазалы ауданының өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып келе жатқан қаншама түлек түлеп ұшты. Киелі орданың ашылған кезінен бастап, талай басшының білім саласына еңбегі сіңді.
Қазір аталмыш білім ордасына 3 мамыр 2022 жылдан бастап, Шермаханов Төребай Айдарбекұлы басшылық жасап келеді. Төребай Айдарбекұлы басшылық қызметке келген күннен бастап, ұжым мүшелерінің жеткен жетістіктерін талдап, саралау жұмыстарын жүргізді. Шәкірттері республикалық, облыстық және аудандық байқаулардан жүлдегер атанып жүрген ұстаздармен білім сапасын арттыру мәселелеріне байланысты пікір алмасып, алдағы атқаратын жұмыстарды жоспарлады. Сонымен қатар, тәрбие үдерісін жақсартуға байланысты бірқатар шаралар қабылдады.
2022 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сыныптарға арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде 1 оқушы бірінші орын, 1 оқушы екінші орын, 4 оқушы үшінші орын және 3 оқушы Алғыс хат иеленсе, 2023 жылы 9 оқушы екінші орын, 8 оқушы үшінші орын және 5 оқушы Алғыс хат иеленді.
Былтыр 7-8 оқушылары арасында өткізілген республикалық юниорлық олимпиаданың аудандық кезеңінде 1 оқушы бірінші орын, 1 оқушы үшінші орын алды. Облыстық кезеңге жолдама алған Айдарбек Еділ үшінші орын иеленді.
Ал 5-6 сынып оқушылары арасында өткізілген аудандық олимпиададан 1 оқушы бірінші орын, 2 оқушы екінші орын, 4 оқушы үшінші орын және 1 оқушы Алғыс хат иеленді.
Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде – Қазақстан тарихы пәні бойынша Ахметова Бағиланың жетекшілігімен 11 сынып оқушысы Өмірзақ Аяжан үшінші орын, Қазақстан тарихы пәні бойынша Сейтмамбетова Айткүлдің жетекшілігімен 10 сынып оқушысы Жақсыберген Ақмарал үшінші орын иеленді. Сонымен бірге, математика пәні бойынша 11 сынып оқушысы Әзиев Нұрбек Абубакирова Гүлназдың жетекшілігімен үшінші орын, математика пәні бойынша 9 сынып бойынша Жеткерген Диана Аманова Райса жетекшілігімен үшінші орын, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Жолдыбай Қадиша жетекшілігімен 11 сынып оқушысы Ақбай Нұрсана үшінші орын, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 9 сынып оқушысы Ерболат Ақнұр Орынбаева Рабиға жетекшілігімен Алғыс хатқа қол жеткізді. Сондай-ақ, орыс тілі пәні бойынша 11 сынып оқушысы 11 сынып оқушысы Анарбай Мөлдір, жетекшісі Нұрқожаева Анар, биология пәні бойынша 11 сынып оқушысы Әлімжанова Ақбота Ерман Назгүл жетекшілігімен Алғыс хаттарға қол жеткізді.
«Дарын» ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңіне 14 оқушы қатысып, 11 оқушы жүлдегер атанды. 4 оқушы ІІ орын, 6 оқушы ІІІ орын алып, 1 оқушы Алғыс хатпен марапатталды. Облыстық кезеңге жолдама алған 4 оқушыдан 2 оқушы ІІІ орын және 2 оқушы Алғыс хат иеленді.
«Зерде» ғылыми жобалар конкурсына қатысқан 34 оқушыдан 30 оқушы жеңімпаз атанды. 2 оқушы І орын, 9 оқушы ІІ орын, 17 оқушы ІІІ орын және 2 оқушы Алғыс хат иеленді. Облыстық кезеңге жолдама алған 2 оқушыдан 1 оқушы ІІІ орын және 1 оқушы Алғыс хат иеленді.
Өткен жылы «Дарын» ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінде 2 оқушы І орын, 1 оқушы ІІ орын, 4 оқушы ІІІ орын және 2 оқушы Алғыс хат иеленді. Облыстың кезеңге жолдама алған 10 сынып оқушысы Жақсыберген Ақмарал ІІІ орын және 11 сынып оқушысы Әлімжанова Ақбота Алғыс хат иеленді. Әлімжанов Ақбота «Жаңа дәуір – Жаңа Қазақстан» атты фестивальдің ғылыми жобалар байқауынан І орын иеленіп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлеккеттік Университетінің Білім грантына ие болды.
«Зерде» ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінен 1 оқушы І орын, 1 оқушы ІІ орын, 7 оқушы ІІІ орын иеленді.
Сонымен қатар, мектеп қызметкерлерінің білім және тәрбие саласы бойынша жеткен жетістіктері де аз емес.
Тәрбие мен таным егіз ұғым
Мектеп психологтары Жұбаназар Айгүл Көбейсінқызы 2023 жылы 1 Наурыз – «Алғыс айту» күніне орай өткізілген аудандық бейнеролик байқауында оқушысы Алдажар Жансая І орын иеленіп, аудандық білім бөлімінің арнайы Дипломымен, «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени – білім беру жобасы аясындағы ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың арасында қашықтан өткізілген «Шексіз шығармашылық» республикалық байқауында «Алтын қолдар» номинациясымен оқушысы Рахат Дидар ІІІ орын иеленді. «Атадан - мұра» қоғамдық қорының бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған «Ұлы дала ұрпағы» республикалық байқауында «ғылыми жоба» номинациясы бойынша оқушысы Әділбек Ұлдана арнайы Дипломмен, мектеп психологтары арасында өткен аудандық «Идеялар алаңы» байқауында Алғыс хатпен, 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Құттықтауымен, «Бастауыш сынып оқушыларының негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру жолындағы әдістер мен тәсілдер» тақырыбындағы аудандық «Ашық есік» күнінде өз тәжірибесімен бөліскені үшін Қазалы аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен, Арзахметова Лиля Базарбекқызы «Үздік психолог – 2022 жыл» аудандық кәсіби байқауында І орын иеленіп, 1 Наурыз – «Алғыс айту» күніне орай өткізілген аудандық бейнеролик байқауында оқушысы Сайлауова Нұрсәуле ІІІ орын иеленіп, аудандық білім бөлімінің арнайы Дипломымен, «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени – білім беру жобасы аясындағы ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың арасында қашықтан өткізілген «Шексіз шығармашылық» республикалық байқауында «Хореография» номинациясымен оқушысы Сайлауова Нұрсәуле Алғыс хатпен, Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен педагог –психологтардың бірлестік отырысында кәсіби іскерлігін танытып, іс – тәжірибесімен бөліскені үшін аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен, 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының аудандық кезеңінде «психология» секциясы бойынша оқушысы Бердалы Анель ІІ орын иеленіп, 25 желтоқсан – Халықаралық психологтар мерекесі қарсаңында аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен, «Бастауыш сынып оқушыларының негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру жолындағы әдістер мен тәсілдер» тақырыбындағы аудандық «Ашық есік» күнінде өз тәжірибесімен бөліскені үшін Қазалы аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сабыр Айдана: Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекетті мекемесінің ұйымдастырумен жастар ісі жөніндегі мамандар мен жастар жетекшілерінің қатысуымен «Bir Tolqynda»Tedx форматындағы шараның «Креативті жастар жетекшісі» номинациясы.
«Білім беру ұйымдарында ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларға» семинарда психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін жүйелеу жұмыстары» тақырыбындағы семинарда Алғыс хат табысталды. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудандық білім бөлімінің Алғысын алды
Сабыр Айдана: Білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың арасында «Менің қолымнан бәрі де келеді» атты олимпиадасында шәкірті Молдабай Аслан екінші орынды жеңіп алды. 1-Наурыз «Алғыс айту» күніне орай өткізілген бейнеролик байқауында оқушы Молдабай Аслан III-дәрежелі Дипломмен марапатталды. Білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың арасында «Менің қолымнан бәрі де келеді» атты олимпиадасында Молдабай Аслан екінші орынды қанжығасына байлады. «Шексіз шығармашылық» республикалық байқауында «Алтын қолдар» номинация II-дәрежелі Дипломға қол жеткізді. «Үздік дефектолог-2022» байқауында екінші орынды жеңіп. «Үздік әлеуметтік педагог – 2023» байқауында бірінші орын, облыстық «Үздік әлеуметтік педагог – 2023» байқауынан Алғыс хат алды.
Мектеп кітапханашысы Ақниязова Эльмира Саймаханқызы Қазалы аудандық білім бөлімінің басшысының Алғыс хаты, Қызылорда облысының білім басқарма басшысының Алғыс хаты, «Үздік кітапханашы – 2022 жыл» Қазалы аудандық үздік кәсіби байқауында бірінші орын иеленгені үшін Қазалы аудандық білім бөлімінің басшысы мен Қазалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті төрағасының Дипломымен, облыстық «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының Алғыс хаты, облыстық Аманат партиясының Алғыс хаты табысталды. «Ұлы дала 1000 игі іс» қайырымдылық жобасы аясында «Әйел, қыз, ана-өмірдің, жарықтың, жылулық пен махаббаттың көзі» атты мерекелік акцияда үшінші орын иеленіп мадақтамамен, 2023 жылы Қазақстандағы бүкіләлемдік жазушылар күніне орай өткізілген «Бір ел – бір кітап» тақырыбындағы буктрейлер байқауына қатысты. Мұнда белсенділік танытқаны және оқушыларды кітапсүйгіштікке, патриоттық, рухани жағынан қалыптасуына атсалысқаны үшін Баишев университетінің Алғыс хатымен, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жүрген зор үлесі үшін және еліміздің игілігі жолындағы мәртебелі еңбегі үшін 8 наурыз мерекесі қарсаңында Қазалы ауданының әкімінің Алғыс хатымен, өскелең ұрпақты білімге, мәдениетке, ұлттық сананы жаңғыртуға, тарихты қастерлеуге шақырумен қатар Ұлт болашағын тәрбиелеудегі табысты еңбегі үшін облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, кітапханашылардың кәсіби мерекесі қарсаңында Қазалы ауданының әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Қазалы аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Қазалы ауданының 95 жылдығына арналған «Туған өлкем – жұмақ мекен – Қазалы» атты кеште «Кітап жанашыры» номинациясымен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры Индира Назарованың Алғыс хатымен, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі үшін Қазалы ауданының әкімінің Алғыс хатымен, «Мақатаев оқулары» конкурсына шәкірт бойындағы дарынды шыңдауға атсалысты. Білім саласына қосқан үлесім үшін «Мың бала» республикалық зияткерлік орталығының Алғыс хатымен, өскелең ұрпақты білімге, мәдениетке, ұлттық сананы жаңғыртуға, тарихты қастерлеуге шақырумен қатар Ұлт болашағын тәрбиелеудегі табысты еңбегі үшін облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, кітапханашылардың кәсіби мерекесі қарсаңында Қазалы ауданының әкімінің Алғыс хатымен, «Абай оқулары» конкурсына өз шәкірттерін белсене қатыстырып, Абай Құнанбаев шығармаларын, әдеби мұраларын дәріптеу, эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиеттерді насихаттау, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, қазіргі педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттауға қосқан орасан еңбегі үшін «Мың бала» зияткерлік орталығы директоры Г.Б.Қожабекованың Құрмет грамотасымен марапатталды.
2022-2023 оқу жылында Республикалық «Балалар оқулары» байқауының аудандық кезеңінде 5 сынып оқушысы А.Орысбай ІІ орын,Зиналадин Айпатша ІІІ орын, 9 «В» сынып оқушысы Әділбекқызы Толғанай , 10 А сынып Әлімжанова Ақбота Алғыс хат иеленді. «Ақберен» республикалық байқаудың аудандық кезеңінде эссе жазудан 10 «Б» сынып оқушысы Өмірзақ Аяжан ІІІ орын иеленді. «Отбасы – бақыт мекені» аудандық эсселер байқауынан 11 б сынып оқушысы А.Демеу ІІ орын иеленді. 8-11-сыныпқа арналған «А.Байтұрсынов олимпиадасының» аудандық кезеңінен 11 б сынып оқушысы З.Алдамжар Алғыс хат иеленді.
2022 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде 10 сынып оқушысы Ақбай Нұрсана ІІІ орын, жетекшісі Қ.Жолдыбай, 9 сынып бойынша Байұзақ Альфия ІІ орын, жетекшісі Қ.Жолдыбай 8 сынып оқушысы Раушанбекқызы Еркеназ, жетекшісі Р.Орынбаева, 6 сынып оқушысы Жанарыстан Аяулым, жетекшісі Ж.Бегалы, 5 сынып оқушысы Орысбай Айғаным ІІ орын жүлдегері, жетекшісі Ж.Сисенбай.
Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде Ж.Бегалы оқушысы А. Жанарыстан, Қ.Жолдыбай оқушысы С.Мирамбек, Ж.Қаржаубаева оқушысы Д.Жеткерген, А.Кумекбаева оқушысы А.Жақсыберген ІІ орын, Облыстық кезеңнен Алғыс хат иеленді.
«Жарқын болашақ» олимпиадасының аудандық кезеңінде 9-сынып А.Жәуміт ІІІ орын, А.Өмірзақ ІІІ орын, Ж.Жеткерген ІІІ орын иеленді. Облыс әкімінің Алғыс хатымен Ж. Сисенбай марапаталды.
«Мың Бала» Ұлттық олимпиадасының жүлдегерлері 6 сынып оқушылары Ерғабылов Мадияр, жетекшісі Қ.Жолдыбай, Жанарыстан Аяулым жетекшісі Ж.Бегалы.
2023-2024 оқу жылында «Балалар оқуы» аудандық кезеңінен А.Жәуміт І орын,жетекшісі А.Кумекбаева, Жеткерген Диана І орын, жетекшісі Р.Орынбаева, Жеткерген Жанель Алғыс Хат жетекшісі Ж.Сисенбай жеңімпаз болды. Облыстық кезеңінде: А.Кумекбаеваның оқушысы А.Жәуміт ІІІ орын иеленді. Аудандық эссе байқауы бойынша А.Жәуміт ІІ орын алды, жетекшісі А.Кумекбаева. «Т.Айбергенов оқулары» аудандық кезеңінде: эссе бөлімі бойынша А.Нұрлан Алғыс хат жетекшісі А.Әбдірахманқызы, шығармашылық бөлімі бойынша Көркем Алғыс хат жетекшісі Р.Орынбаева. «Ой көкпары» аудандық зияткерлік байқауына қатысып, «Көне сөздер білгірі» номинациясын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.А.Мұстафаев иеленді. Аудандық тәлімгерлік конференциясына қатысып,Р.Орынбаева ІІ орынмен марапатталды. «Ақберен» байқауының аудандық кезеңінде эссе бөлімі бойынша А.Байұзақ Алғыс хат иеленді, жетекшісі Қ.Жолдыбай. Ұстаздар күніне орай облыстық әкімінің алғыс хатымен Б.Жайшиликова марапаталды.
Қызылорда Облыстық Білім Басқармасының Құрмет Грамотасымен Қ.Жолдыбай және Ж.Қаржаубаева марапаталды. Аудан әкімінің Алғы хатымен Ж.Сисенбай марапаталды.
Аудандық қазақ тілі мен әдебиеті бойынша «Жыл пән мұғалімі-23» байқауына А.Кумекбаева қатысып, ІІІ орын иеленді. Аудандық «Сәкен оқулары» байқауынан Г. Шатуова ІІ орын иеленді,жетекшісі Ж.Қаржаубаева.
9-11 сыныптар арасында аудандық олимпиадаға 11 сынып оқушысы Ақбай Нұрсана ІІІ орын, жетекшісі Қ.Жолдыбай 10 сыныптан Байұзақ Альфия ІІ орын, жетекшісі Қ.Жолдыбай, 9-сыныптан Раушанбекқызы Еркеназ жетекшісі Р.Орынбаева ІІ орын алды. Ауыл олимпиадасына 11-сынып Нұрсана Ақбай жетекшісі Қ.Жолдыбай үшінші орынды жеңді. 9-сынып Раушанбекқызы Еркеназ жетекшісі Р.Орынбаева Алғыс хат иеленді. «Зерде» ғылыми жоба байқауының аудандық кезеңінен 6-сынып оқушысы Бердалы Әнел бірінші орын. Облыстан І орын иеленді, жетекшісі Ж.Сисенбай. А.Бердалы Республикалық ғылыми жобаға жолдама алды. Аудандық ақындар мүшайарасына «Ел рәміздері –асыл мұрамыз!» атты байқаудан А.Жәуміт ІІІ орын алды. Орыс тілі пән бірлестігінде 10 мұғалім жұмыс жасайды.
2022-2023 оқу жылында Шермаханова Акзия Айдарбековна облыстық Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Шамшадинова Лаззат Жеткербаевна аудандық «Отбасы – бақыт мекені» жас қаламгерлер (эссе жазу) байқауында 11-сынып оқушысы Дөңесова Нұрай ІІ орын иеленді. «Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми- ақпараттық, танымдық–тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткізілген «Жас зерттеуші» ғылыми жобалар байқауында 9-сынып оқушысы Алшын Хасай І орын иеленді. Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми- ақпараттық, танымдық – тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен білім саласы қызметкерлерінің арасында өткізілген «Үздік педагог» байқауында І орын иеленді. Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми-ақпараттық, танымдық – тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен білім саласының үздік қызметкерлерінің арасында өткізілген «Педагогика менің таңдауым» атты байқауында сертификат иеленді. Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми-ақпараттық, танымдық – тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен білім саласының үздік қызметкерлерінің арасында өткізілген «Парасатты педагог» атты байқауында Алғыс хат иеленді. «Эрудит» интеллектуалды білім сайты ұйымдастырған «Жылдың үздік авторы – 2023» шығармашылық байқауында І дәрежелі Дипломға ие болды.
Нуркожаева Анар Бегимбаевна аудандық «Зерде» ғылыми жобасында 5-сынып оқушысы Мырзағали Ақкербез І орын иеленді. Облыстық «Зерде» ғылыми жобасында 5-сынып оқушысы Мырзағали Ақкербез Алғыс хат иеленді. Аудандық «Дарын» ғылыми жобалар байқауынан 11-сынып оқушысы Алдаберген Ақерке ІІІ орын иеленді. Республикалық лингвистикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде 11-сынып оқушысы Анарбай Мөлдір ІІ орын иеленді. 2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген аудандық олимпиадада 11-сынып оқушысы Анарбай Мөлдір ІІ орынға ие болды. Республикалық «Ауылдық олимпиадада» 11-сынып оқушысы Анарбай Мөлдір ІІІ орын иеленді. Қызылорда облыстық білім басқармасы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің Құрмет грамотасын иеленді.
Қонақбаева Айнагүл Мақсұтқызы – Республика педагогтарының әдістеме мен өнер-білім орталығы «Мен-новатор ұстазбын» атты республика педагогтарының арасында ұйымдастырылған байқауында «Үздік орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» номинациясы бойынша І орын иеленді. Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми- ақпараттық, танымдық – тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткізілген «Жаңашыл ұстаз» атты білім саласы қызметкерлеріне арналған байқауда І орын иеленді. «Жарқын» Республикалық ғылыми- ақпараттық, танымдық – тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен үздік ізденімпаз ұстаздар арасында өткізілген «Мәңгілік ел ұстаздары» байқауында І орын иеленді. «Жарқын» Республикалық ғылыми-ақпараттық, танымдық – тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен білім саласы қызметкерлері арасында өткізілген «Парасатты педагог» байқауында І орын иеленді. Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми-ақпараттық, танымдық –тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен білім саласының үздік қызметкерлерінің арасында өткізілген «Педагогика менің таңдауым» атты байқауында І орынға ие болды. Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми- ақпараттық, танымдық –тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен білім саласы қызметкерлерінің арасында өткізілген «Үздік педагог» байқауында І орынға ие болды. «Педагогика жанашыры» республикалық педагогикалық ғылыми журналына мақала жариялағаны үшін Сертификат иеленді. «Шығармашыл педагог-2022» ІІ республикалық олимпиадасында І орынға ие болды.
2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында өткізілген аудандық олимпиадада 5-сынып оқушысы Мырзағали Ақкербез ІІІ орынға ие болды. Республикалық «Үздік ашық сабақ» тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспар байқауында І орын иеленді. .2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген аудандық олимпиадада 9-сынып оқушысы Жұмажан Кәусар ІІ орынға ие болды.
2023 жылы «Методы обучения написанию эссе на уроке русского языка» тақырыбында әдістемелік құралы жарық көрді. Аймқұлова Ләззат Идрисовна Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми- ақпараттық, танымдық-тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткізілген «Жаңашыл ұстаз» атты білім саласы қызметкерлеріне арналған байқауда І орын иеленді.
«Жарқын» Республикалық ғылыми- ақпараттық, танымдық – тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен үздік ізденімпаз ұстаздар арасында өткізілген «Мәңгілік ел ұстаздары» байқауында І орын иеленді.
«Жарқын» Республикалық ғылыми-ақпараттық, танымдық– тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен білім саласы қызметкерлері арасында өткізілген «Парасатты педагог» байқауында І орын иеленді.
Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми-ақпараттық, танымдық –тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен білім саласының үздік қызметкерлерінің арасында өткізілген «Педагогика менің таңдауым» атты байқауында І орынға ие болды.
Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми- ақпараттық, танымдық –тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен білім саласы қызметкерлерінің арасында өткізілген «Үздік педагог» байқауында І орынға ие болды. Аудандық «Зерде» ғылыми жобасында 3-сынып оқушысы Нұрқанатұлы Мұрат ІІІ орын иеленді. Аудандық мұғалімдер арасындағы «Тілдарын - 2023» сайысында І орынға ие болды.
2023 жылы «Методы обучения написанию эссе на уроке русского языка» тақырыбында әдістемелік құралы жарық көрді. Сандибаева Акгуль Жубандыковна «Тағылым» республикалық ғылыми-әдістемелік журналына «Профессии, которые нас кормят» тақырыбында материалы жариялағаны үшін Сертификат иеленді. «Тағылым» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған «Қазақстан педагог-зерттеушілері: үздік мақалалар,әдістеме және инновация» республикалық конкурсының «Үздік автор» номинациясымен І орын иеленді.
«SAMUPYQ ALMATY» білім беру орталығы ұйымдастырған «Ұстаз – ұлы есім» атты республикалық байқауға оқушы қатыстырғаны үшін Дипломға ие болды. «Шығармашыл педагог-2022» ІІ республикалық олимпиадасында ІІ орын иеленді.
Аудандық «Зерде» ғылыми жобалар байқауында 3сынып оқушысы Нұрқанатұлы Мұрат ІІІ орынға ие болды. Аудандық 5-9 сынып оқушылары арасында «Орыс тілі» пәні бойынша өткізілген театрландырылған қойылым байқауында оқушылары Алғыс хатқа ие болды. Аудандық «Идеялар алаңы» байқауында ІІ орынға ие болды.
Нұржанова Динара Махсутовна – Халықаралық ғылым мен білімнің иновациялық әдістемелік орталығының I-Республмкалық оқушылар арасында өткізілген «ЖАС ДАРЫН-2022» атты ғылыми жобалар байқауында 4-сынып оқушысы Дәуренбек Рамазан І орынға ие болды. Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткізілген «Дарын» республикалық ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде тіл білімі (орыс тілі) бойынша 10-сынып оқушысы Елеп Нұрсамал ІІІ орын иеленді.
Аудандық «Зерде» ғылыми жобалар байқауында 4-сынып оқушысы Нұрсылан Кәусар ІІ орынға ие болды. «Шығармашыл педагог-2022» ІІ республикалық олимпиадасында ІІ орын иеленді. Ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай «Жырлайды жүрек» атты І Республикалық байқаудың «Мәнерлеп оқу» аталымы бойынша оқушылары С.Құттыбай, І.Әбибулла, Н.Есенұлы, Р.Дәуренбек, А.Турутжан, А.Сүлеймен І дәрежелі Дипломмен марапатталды. Ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай «Жырлайды жүрек» атты І Республикалық байқауға шәкірт дайындағаны үшін Алғыс хатқа ие болды. «Атадан - мұра» қоғамдық қорының бүлдіршіндер, мектеп оқушылар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған V Республикалық «Ұлы дала ұрпағы» байқауына шәкірт дайындап, ерекше еңбегі мен шығармашылығы үшін Құрмет грамотасымен және төсбелгісімен марапатталды. «Атадан - мұра» қоғамдық қорының бүлдіршіндер, мектеп оқушылар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған V Республикалық «Дарабоз» байқауына шәкірт дайындап, ерекше еңбегі мен шығармашылығы үшін Құрмет грамотасымен және төсбелгісімен марапатталды. Аудандық «Орыс тілі» пәні бойынша «Сказка за сказкой» ертегілер сайысында оқушылары ІІІ орын иеленді. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры С.Көзейбаевтің Алғыс хатына ие болды. Қазалы ауданының әкімі М.Оразбаевтың Алғыс хатын иеленді.
Есқалиева Бағдат Болатовна – Республикалық «Дарын» ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде 9-сынып оқушысы Молдахмет Нұрхат ІІІ орынға ие болды. «Шығармашыл педагог-2022» ІІ республикалық олимпиадасында І орынға ие болды.
2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген аудандық олимпиадада 9-сынып оқушысы Нұрадин Мирзат Алғыс хатқа ие болды.
2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген аудандық олимпиадада 10-сынып оқушысы Нұрадин Мирзат ІІ орынға ие болды.
2023 жылы «Методы обучения написанию эссе на уроке русского языка» тақырыбында әдістемелік құралы жарық көрді.
Шоманова Нурсая Алмасовна 1.Аудандық 5-9 сынып оқушылары арасында «Орыс тілі» пәні бойынша өткізілген театрландырылған қойылым байқауында оқушылары Алғыс хатқа ие болды. Аудандық «Орыс тілі» пәні бойынша «Сказка за сказкой» ертегілер сайысында оқушылары ІІІ орын иеленді. Қазалы аудандық білім бөлімінің Алғыс хатына ие болды. Қазалы ауданы әкімінің Алғыс хатын иеленді.
«Өрлеу» БАҰО «Мастерская педагога – 2023. Проектная деятельность – средство формированияпрофессиональных компетенций учителя» тақырыбындағы облыстық байқауында Алғыс хат иеленді.
2022-2023 оқу жылындағы ағылшын тілі пән мұғалімдерінің жетістіктері
Асамадинова Назерке Нағашыбайқызы 11 сынып оқушысы Демеу Айзатты аудандық Дарын орталығының ұйымдастыруымен болған ғылыми жобадан 1 орын иеленіп, облысқа жолдама алып, облыстан жүлделі 3 орын алды. Құрақбаева Алтынкүл 9 сыныптан апарған оқушысы Оразғали Айзере аудандық олимпиададан жүлделі 1 орын алып,облыстық олимпиадаға қатысып қайтты. Абдалиева Насихаттың аудандық олимпиададан 10 сынып оқушысы Амангелді Гүлнұр Алғыс хатпен марапатталды Абдалиева Насихаттың оқушысы лингвистикалық олимпиадаға қатысып, Оспан Зухра алғыс хатқа ие болды. Асамадинова Назеркенің оқушысы Республикалық «Мың бала» ұлттық олимпиадасында Жанарыстан Аяулым дипломмен марапатталды. Асамадинова Назерке Аудандық «Үздік авторлық бағдарлама-2023» байқауында алғыс хатпен марапатталды. Дарын лэнд орталығының ұйымдастырған ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған « Кенгуру - Лингвист» халықаралық конкурсына қатысып Каныбетова Анар І орын иеленді және Халықаралық кенгуру -лингвист конкурсынан оқушылары Абдирхан Назым, Асылбекқызы Айша, Муапых Азамат, Мейрамбай Динмухаммед, Рауанұлы Раян, Асан Диас, Бердалы Анель, Оңдасын Азима, Абылай Ақниет, Болат Ақсезім, Зейнуллақызы Айдай жүлделі орындармен марапатталып, Каныбетова Анар Дарын орталығының Алғыс хатына ие болды. Ертуған Бауыржанның оқушысы Қанибай Балауса аудандық «Достық бекеті» бейнеролик сайысынан 2 орын иеленді. Ертуған Бауыржан республикалық қашықтықтан өткізілетін КИО олимпиадасынан 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Мамыр айының 11-ші жұлдызында 5-6 сыныптар арасында болған ертегілер қойылымына Каныбетова Анар мен Мырзағали Ақботаның оқушылары қатысып, жүлделі 3 орын алды. Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ақпан айының 15-ші жұлдызында 2-4 сыныптар арасында болған ертегілер қойылымына Абдалиева Насихат пен Сағындықова Назгүлдің оқушылары қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.
2023-2024 оқу жылындағы мұғалімдердің жетістіктері – республикалық лингвистикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 10 сынып оқушысы Нұрлан Аяулым қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі – Сағындықова Назгүл. Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 9 сынып оқушысы Қанибай Балауса алғыс хатқа ие болды. Жетекшісі – Ертуған Бауыржан.
Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудындық кезеңіне 10 сынып оқушысы Оразғали Айзере қатысып, 2 орынмен марапатталды. Жетекшісі: Құрақбаева Алтынкүл.
Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудындық кезеңіне 11 сынып оқушысы Амангелді Гүлнұр қатысып, 3 орынға ие болды. Жетекшісі: Абдалиева Насихат. Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауына 4 сынып оқушысы Қолқанат Айым қатысып, жүлделі 3 орынмен марапатталды. Жетекшісі: Абдалиева Насихат. Аудандық Үздік жыл мұғалімі-2023 байқауына Асамадинова Назерке қатысып, 2 орынға ие болды. Қызылорда облыстық Өрлек біліктілікті арттыру орталығы ұйымдастырған «Үздік педагогикалық панорама» байқауынан Асамадинова Назерке 3 орынмен марапатталды. “Express Publishing’ баспасының ұйымдастыруымен өткен ертегілер байқауынынан 6 «А» сыныбы қатысып, алғыс хатқа ие болды. Жетекшісі: Жолболды Фарида-Ханым. Математика бірлестігінде барлығы – 9 мұғалім сабақ беріп келеді. Оның ішінде педагог - сарапшы-4, педагог-модератор-3, санатсыз-2.
Аманова Р: Педагогтардың шығармашылық және инновациялық іс-әрекетін қолдау, кәсіби жетілдіруін ынталандыру, қазіргі педагогикалық технологияларды қолданудың инновациялық кеңістігін кіріктіру мақсатында ұйымдастырылған Республикалық онлайн педагогикалық оқуға қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды.
«Кенгуру- математика барлығы үшін» интеллектуалдық ойын-конкурсына оқушыларын қатыстырып, жеңімпаз атанды. 5-сыныптан 4 оқушы қатыстырып, ІІ орындар және 7-сыныптан 2 оқушы қатыстырып, ІІ орындар иеленді. 7-сыныптан: Кадірбай А 2-орын, Оразғали Н 2-орын, 5-сыныптан: Қ.Қаратай 2-орын, А.Қалмағамбет 2-орын, Ә.Сайн 2-орын, А.Нұртуғанқызы 2-орын.
Л.Тлеубаева – Аудандық пән мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерді анықтау мақсатында «Практикалық жұмыстар -2023 байқауында озық шығармашылық белсенділігімен көзге түсіп жақсы дайындықпен қатысқаны үшін Алғыс хат иеленді.
Абубакирова Г – 5-6 сынып оқушылары арасындағы олимпиададан 5-сынып оқушысы Еламанұлы Ерасыл ІІІ орын иеленді. Ерімбетова А – «Дарын» ғылыми жобалар байқауынан 9-сынып оқушысы Демеу Аяжан ІІ орын иеленген. «Ақ бота» марафонынан Демеу А 9-сынып 2-орын, Қанибай Б 8-сынып 1-орын, Аманбай М 7-сынып 1-орын, Зайдулла К 6-сынып 1-орын, Абат А 6-сынып 1-орын, Елтай А 6-сынып 1-орын, Сәбитұлы Х 6-сынып 1-орын, Алдаберген Б 6-сынып 1-орын жеңіп алды. «Кенгуру-барлығы үшін» сайысынан Кадірбай А 7-сынып 2-орын, Оразғали Н 7-сынып 2-орын, Аманбай М 7-сынып 2-орын, Жаңаберген Д 7-сынып 3-орын, Демеу Қ 5-сынып 2-орын, Ерғали А 5-сынып 2-орын, Рахым Ә 5 сынып 2-орынды иеленді. Аманова Р – «Тағылым» республикалық ғылыми-әдістемелік журналына «Қазақстан педагог-зерттеушілері: үздік мақалалар, әдістеме және иновация» жинағына мақала жарияланды.
Республикалық «Зерде» конкурсының аудандық кезеңінде математика секциясы бойынша бірнеше мұғалімдер жүлделі орындарға ие болды. Аманова Раисаның оқушысы – Нұрлан Расул ІІІ орын; Абубакирова Гүлназ оқушысы – Қалмағамбет Арайлым ІІ орын, Жайшылықова Аягөз оқушысы – Балдақ Дана ІІІ орын жеңіп алды. Итемен Айдана оқушысы – Жанай Аян ІІІ орын, Махамбетамин Эльмира оқушысы – Жеткерген Дильназ ІІІ орын, «Алтын сақа» математика пәндік олимпиадасынан оқушылары аудан бойынша бірінші және екінші орындар иеленіп, облыс бойынша ІІІ орынға ие болды.
Г.Абубакирова оқушысы Әбдірхан Арсен мен Р.Аманова оқушысы – Әбиболла Інжу «Үздік математика пәні мұғалімі-2022» аудандық байқаудан Нұрмағамбет Каримжан ІІ орын иеленді. «Ustudy» аймақтық тестілеу орталығы ұйымдастырған «Шығармашыл педагог- 2022» республикалық олимпиадасына бірнеше мұғалімдер қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Олардың қатарында Р.Аманова, Г.Абубакирова, А.Ерімбетова, А.Жайшылықова, Л.Тлеубаева, Э.Махамбетамин мұғалімдері бар.
«Білім мәртебесі» журналына Г.Абубакированың «Геометрия сабақтарында ПИЗА тапсырмаларын қолдану» тақырыбында мақаласы жарық көрді. «Тағылым» журналына Р.Аманованың «Геометрия сабақтарында ПИЗА тапсырмаларын қолдану» және А.Ерімбетованың «Пайызын табуға есептер шығару» тақырыбында мақалалары жарық көрді.
Аманова Р «Ақ бота» зияткерлік олимпиадасы 6-сыныптар: Р.Нұқы 1-орын, А.Сейфул-Малик 1-орын, А.Палуанбекқызы 1-орын, А.Самалбек 1-орын, А.Жанарыстан 1-орын, Р.Нұрлан 1-орын, А.Абат 1-орын; 9-сынып: К.Кемаладин 1-орын, 8-сынып: А.Жеткерген 1-орын, «Құндылыққа бағытталған математикалық білім беру» секция отырысында Алғыс хатпен марапатталды.
Аудандық математика пәні бірлестігінің семинар-практикумда Алғыс хатпен марапаталды. Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің математика бірлестігінің 2023-2024 оқу жылында жеткен жетістіктері туралы мәлімет. Математика бірлестігінде барлығы – 9 мұғалім сабақ беріп келеді. Оның ішінде, педагог-зерттеуші - 1, педагог - сарапшы - 6, педагог - санатсыз - 2.
Абубакирова Г. Аудандық олимпиададан 11 «А» сынып оқушысы Әзиев Нұрбек ІІІ орын иеленді. «Алтын түлек» олимпиадасынан аудандық кезеңінен 11 «А» сынып оқушысы Әзиев Нұрбек ІІІ орын І орынмен марапатталды. «Ауыл» олимпиадасынан облыстық кезеңінен 11 «А» сынып оқушысы Әзиев Нұрбек ІІІ орын иеленді. Мұғалімдерге арналған «Педстарт» қашықтық олимпиадасынан ІІІ орын иеленген. Ерімбетова А. Аудандық олимпиададан 10 «А» сынып оқушысы Демеу Аяжан ІІ орын иеленді. Мұғалімдерге арналған «Педстарт» қашықтық олимпиадасынан ІІІ орын иеленген. Тлеубаева Л «Кенгуру-математика барлығы үшін» сайысына 5А сыныбынан 10 оқушы қатысып, барлығы да жеңімпаз атанды. «Айқанат» олимпиадасына 8В сыныбынан 6 оқушы қатысып, 6 оқушы аудандық кезеңіне қатыстырылып облыстық кезеңге жолдама алды. Аудан әкімінің Алғыс хатын иеленді. «Кенгуру- математика барлығы үшін» интеллектуалдық ойын-конкурсына бірнеше пән мұғалімдері оқушыларын қатыстырып, жеңімпаз атанды. Аманова Р: 5-9 сыныптар бойынша 17 оқушы қатыстырып, І-ІІ орындар иеленді. Абубакирова Г: 5-9 сыныптар бойынша 11 оқушы қатыстырып, І-ІІ орындар иеленді. Ерімбетова А: 5-9 сыныптар бойынша 8 оқушы қатыстырып, І-ІІ орындар иеленді. Тлеубаева Л: 5-9 сыныптар бойынша 10 оқушы қатыстырып, І-ІІ орындар иеленді. Жайшылықова А: 5-9 сыныптар бойынша 10 оқушы қатыстырып, І-ІІ орындар иеленді. Итемен А: 5-9 сыныптар бойынша 9 оқушы қатыстырып, І-ІІ орындар иеленді. Нұрмағамбет К: 5-9 сыныптар бойынша 8 оқушы қатыстырып, І-ІІ орындар иеленді. Аманова Р:«Алтын түлек» олимпиадасынан аудандық кезеңінен 10 «Б» сынып оқушысы Жеңісбекұлы Данияр І орын иеленіп, облысқа жолдама алды. «Ауыл» олимпиадасынан облыстық кезеңінен 9 «Б» сынып оқушысы Жеткерген Диана ІІІ орын иеленді. Мұғалімдерге арналған «Педстарт» қашықтық олимпиадасынан ІІ орын иеленген.
Интернатта тәрбие жұмысы жүйелі жүргізіліп жатыр
2023 жылы интернат меңгерушісі Әлсүгірова Жанбөпе Ұстаздар күні мерекесіне орай аудандық даму бөлімінің басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
2022-2023 оқу жылында мектеп оқушылары PISA халықаралық зерттеуден өтті. Зерттеу нәтижесі жақсы деңгейді көрсетті. Мектеп бітіргеніне жиырма жыл толған түлектердің бастамасымен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептің кіреберісіне қосымша құрылыс жасалды. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің демеушілігі арқылы мектеп ғимараты жарықтандырылды. Мектептің ескі ғимараты мен жаңа ғимараты қосымша құрылыс салу арқылы біріктірілді.
Мектеп жанындағы интернатқа елді мекендерден оқушыларды мектепке қауіпсіз тасымалдау өзекті мәселелердің бірі болатын. 2023 жылы 29 сәуір күні Қызылорда қаласында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлымен бірге оқушыларды тасымалдайтын 19 автобусты табыстады. Соның ішінде, су жаңа көліктің кілті 100 жылдық тарихы бар киелі шаңырақ Жанқожа батыр атындағы №70 мектепке де табысталды. Сыйымдылығы 20 орынға шақталған автобустың техникалық сипаттамасы заманауи талаптарға сай, көлікте қауіпсіздік талаптары толықтай ескерілген.
Мектепте тәрбие жұмысы жүйелі жүргізіліп отыр. "Оқуға құштар мектеп", "Мектеп театры", "Дебат", "Мектеп парламенті", "Тоғыз айға тоғыз іс-шара", Төрт тоқсан - төрт өнер", «Еңбегі ерен жас өрен", "Жеткіншектің жеті жарғысы" тәрізді түрлі жобалардың талапқа сай жүргізілуі жолға қойылған.
2023-2024 оқу жылынан бастап ата-аналарға арналған ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмыс жасап келеді. Ата-аналарға «Ата-аналарды қолдау орталығының бағдарламасы» таныстырылып, сабақ ұйымдастырылуда. Қазан айында «Даналық мектебінің» ашылу салтанаты өткізілді. «Даналық мектебінің» жоспарына сәйкес, ай сайын ата-аналармен іс-шаралар өткізіліп тұр.
Сонымен қатар, ардагерлермен өткізілетін іс-шаралар жандандырылды. Мектебімізде еңбек етіп, құрмет демалысына шыққан зейнеткер ұстаздарымызбен бірнеше рет кездесу өткізілді. Білім ордасына 2024 жылы қаңтар айында облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов келіп, мектеп ұжымының жұмысына оң бағасын беріп кетті.