Kyzylorda-news.kz. 16 сәуір күні «Orda» жоғары колледжі базасында «Табиғатты аяла» республикалық жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы өткізілді. Балаларға жас күнінен табиғатты аялауға бағытталған бұл байқаудың ұйымдастырылып жатқанына да бірнеше жыл болды. Табиғат зерттеушілерінің облыстық форумында қармақшылық оқушылар озаттар қатарынан табылды

Білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында өткізілген байқауға Қармақшы ауданы бойынша білім беру ұйымдарынан оқушылар бақ сынап қатысқан болатын. Аймақтан келген жас өлкетанушылар өз зерттеулерін көрсетті. Байқау нәтижесінде «Жасыл мектеп» номинациясы – зерттеу жобаларының байқауы бойынша болашаққа көзқарас – экологиялық білім беру жобалары, волонтерлік жобалар және қоғамдық ұйымдардың іс-шаралары бойынша Қармақшы ауданы, №183 мектеп оқушысы Сүлеймен Әлхамидулила ІІ дәрежелі дипломды қанжығасына байлады. Ал жүлделі ІІІ орынға Қармақшы ауданы, №273 мектеп оқушысы Диар Шылмырзаев жайғасты. Жүлдегер атанған жас өлкетанушылар арнайы дипломмен марапатталды. Қармақшы ауданындағы №113 мектеп оқушылары Нұрлы Төлеуова алғыс хатқа ие болды. 
 

Тағы да оқыңыз: