Kyzylorda-news.kz   Бүгін «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен №129 Ә.Жәмішов атындағы мектеп-лицей базасында педагог-психолог мамандарына арналған «TEDx Syrdarya: Жаңа мүмкіндіктерге жол аш» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Семинарда «Отбасы және отбасылық қарым-қатынас психологиясы» тақырыбында «Сенімен болашақ» РҚБ психологі С.Абдрахманова және «Буллинг физиологиялық және психологиялық жарақат» тақырыбында №135 Асқар Тоқмағамбетов атындағы орта мектептің психологі Н.Омарова №36 Әбділда Тәжібаев атындағы мектеп-лицей психологі Т.Садақбаев TEDx форматта жұмыстар көрсетті. «Шебер сынып, Арт терапия» «Қазақтың жазылмаған психологиясы» №191 орта мектептің психологі Ж.Шахаева,«Мен сені көріп тұрмын» №147 мектеп психологі А. Кыдырова,«Ашу-ыза мен мазасыздықтан арылу техникалары» №37 мектеп-лицей психологі А.Байсалбаева сабақ көрсетті. «Ұйымшыл және тату» тақырыбында №129 Әбірәш Жәмішов атындағы мектеп-лицей психологі Қ.Сарсеналиева, №131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектеп психологі Б.Махашева, №210 орта мектеп психологі А. Алжанова, №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейі психологі И.Жұмаділдаева TEAM BUILDING форматта жұмыстар көрсетті.

Семинарды қорытындылай келе жұмыс көрсеткен мамандар «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының «Алғыс хаттарымен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: