Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының түлектері Сырдың басты шаһары – Қызылорда қаласына барып, "Ю стади ұлттық біріңғай тестілеу" орталығына барып тест тапсырған болатын. Ауданымыздың бірқатар оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп келді. Мәселен, Қоғалыкөл ауылындағы №44 орта мектеп оқушылары білім сынағын алғашқылардың бірі болып тапсырды.

Тест тапсыру пунктіне мектеп басшысы Сламбек Шахапұлы оқушыларды өзі апарып сәттілік тілеп кіргізіп салды.

– ҰБТ қорытындысы бойынша мектебіміздің түлектері 11 жылғы білімінің нәтижесінде және тыңғылықты дайындығының арқасында жақсы нәтиже көрсетті. Білім беру грантын тағайындау конкурсында Мерей Жалғас – 133 ұпай жинаса, Қарақат Демжанова – 127 ұпай, Ақбота Тоқтарбаева – 93 ұпай жинап, ұстаздар мерейін асырды, – дейді мектеп директоры Сламбек Каюпов.

Таңдау пәні бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнін таңдаған Мерей мен Қарақат, математика-физика пәнін таңдаған Ақботадан ұстаздары алда болатын екінші мүмкіндіктен бұдан да мол үміт күтіп отыр. Үшеуі де биылғы жылдың "Алтын белгіге" үміткер оқушылары.
Дарынымен дараланған тестілеуде жоғары баллды еншілеп, облыс одан қалды аудан бойынша ең жоғарғы көрсеткішке ие болған жас түлектерді шын жүректен құттықтаймыз.

Айту керек, Қоғалыкөл ауылының талапкерлеріне биылғы жылы Ұбт тапсыру кезіндегі өзгерістер қиынға соқпаған секілді. Себебі өткен оқу жылында №44 орта мектебінің түлектері 137 балдан қайырса, биылғы түлектер небәрі 4 балға төмен.
Сырдариялық барша түлектерге сәттілік тілейміз.

 

Тағы да оқыңыз: