Kyzylorda-news.kz Бүгін Сырдария аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Байқаудың мақсаты салт-санамызға сай сан түрлі әсем, әрі келісті төл киім үлгілерін, ұлттық құндылықты насихаттау. Ұлттық киім – ұлттың сәні.
Іс-шараға Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылдық клубы, Қызылорда қаласы Талсуат ауылдық клубы, Қазалы, Арал, Жаңақорған, Қармақшы, Сырдария аудандарынан 1 жұптан қатысты. Байқауға стилист - дизайнер Дана Марлен, оқу өндірістік шебері Алтын Астраханқызы, Анаға тағзым орталығының креативті индустрия бөлім басшысы Айдана Маратқызы, Сырдария ауданы,Қалжан ахун ауылдық клубының директоры, “Сырдария” квартетінің жетекшісі Дархан Разақов қазылық жасады. Екі кезең бойынша бақ сынасып байқау нәтижесінде Қазалы ауданынан қатысқан жұп Жанболат Өмірзақ пен Асем Өтепбай бас жүлде жеңіп алды. Жүлделі 1 орынды Қызылорда қаласы, Талсуат ауылдық клубынан қатысқан Мүтәліп Айжігітұлы мен Шүкірбаева Айгерім, 2 орынды Сырдария ауданынан қатысқан Абылайхан Байділдаев пен Аяулым Бекболатова, 3 орынды Жаңақорған ауданынан қатысқан Смат Азия мен Қалила Марғұлан және Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылынан қатысқан Алмат Бақдаулет пен Әнел Айтжанбек иеленді. Сонымен қатар, Арал ауданынан қатысқан Дәулеткерей Қуантқанов пен Айгерім Серікова, Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылы Ақсұңқар Пірімқұлов пен Гүлзат Құдайбергенова арнай Алғыс хатпен марапатталды. Байқау жеңімпаздары Диплом мен қаржылай сыйлықпен марапатталды.