Kyzylorda-news.kz. Жақында «Тағзым алаңыда» Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен және аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен АӘТД пәні мұғалімдері арасында әскери-қолданбалы спорт түрлері арасында аудандық жарыс өткізілді.
Аудандық жарысқа аудан әкімі Берік Сәрменбаев қатысып, сөз сөйледі.
Біз ер мұғалімдердің мәртебесін биіктетуге бар мүмкіндікті жасауымыз керек. Олардың шәкірттерін тәрбиелеу жолында аянбай етіп келеді. Асылында, білім саласындағы негізгі бағыттардың бірі ойқушыларды әскери өмірге дайындау, Отан қорғауға бейімдеу болып табылады. Осы жолда біздің ұстаздарымыз барын салуда. Бүгінгі байқаудың маңыздылығы жоғары. Себебі, болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелеп келе жатқан ұстаздарымыз өз мықтылықтарын танытады. Өзара үздікті анықтайды, – деді аудан әкімі.
Негізінен, аталған жарыстың мақсаты – әскери-қолданбалы спорт түрлері арқылы мұғалімдерді салауатты өмір салтын насихаттау. Мұғалімдер арасында облыстық, республикалық жарыстарға құрама жасақтау болып табылады. АК-74 оқу қаруын толық емес бөлшектеп жинақтау сайысы бойынша жүлделі І орын №44 орта мектептің АӘТД пәнінің мұғалімі Н.Коспаков ІІ орынды №139 орта мектептің АӘТД пәні мұғалімі А.Базаров, ІІІ орын N126 орта мектептің АӘТД пәні мұғалімі М.Бөдеев еншіледі. АК-74 оқу қаруының оқжатарын патрондармен жарақтау сайысы бойынша жүлделі І орынды №132 орта мектептің АӘТД пәні мұғалімі С.Есжанов, ІІ орынды № 42 мектеп-лицейдің АӘТД пәні мұғалімі Ж.Кұлымбетов, ІІІ орынды №130 орта мектептің АӘТД пәні мұғалімі Г.Караев қанжығасына байлады. ИЖ-38 пневматикалық винтовкасынан нысанаға ату сайсы бойынша жүлделі І орынды № 36 мектеп-лицейдің АӘТД пәні мұғалімі Ж.Жарасов, ІІ орынды №137 орта мектептің АӘТД пәні мұғалімі Р.Зейнуллаев, ІІІ орынды №44 орта мектептің АӘТД пәні мұғалімі Ж.Қасымов жеңіп алды. ЖҚЖ-ны плащ түрінде және жарақтарды кию сайысы бойынша жүлделі І орынды №210 орта мектептің АӘТД пәні мұғалімі Е.Садықов, ІІ орынды №135 орта мектептің АӘТД пәні мұғалімі Ғ.Бағдатов,ІІІ орынды №131 орта мектептің АӘТД пәні мұғалімі Ж.Кеукенов иеленді.
Жалпы сайыстардың қорытындысы бойынша жүлделі І орын №210 орта мектептің АӘТД пәні мұғалімі Е.Садықов, ІІ орын №135 орта мектептің АӘТД пәні мұғалімі Ғ.Бағдатов, ІІІ орынды №42 мектеп-лицейдің АӘТД пәні мұғалімі Ж.Кулымбетов иеленді. Барлық АӘТД пәні мұғалімдері аудандық білім бөлімі және аудандық кәсіподақ комитетінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.