Kyzylorda-news.kz. Қазіргі уақытта білім саласына аса көңіл бөлініп келеді. Ұстаздардың  жалақысы көбейіп, әлеуметтік жағдайы жақсаруда. Өз кезегінде аудан бойынша білім саласы бойынша жүргізілген жұмыстар біршама. Бұл ретте, Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібековпен білім саласына қатысты біршама мәселелерді талқылау мақсатында сұқбаттасқан едік.

– Берік Съездұлы жалпы орта білім ұйымдарында  оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету барысы жөнінде айтып бересіз бе? 
 
– Орта білім беру ұйымының басшысы білім беруді басқару органы бекіткен перспективалық мәзірге сәйкес күн сайын тамақтардың алдағы күнге шығуын көрсете отырып,  ас мәзірін бекітеді және оны асханаға және білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері үшін қолжетімді жерге орналастыруын қамтамасыз етеді.  Ыстық тамақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысы негізінде білім беру ұйымы басшысының қыс-көктем, жаз-күз айларына арналған перспективалық және күнделікті ас мәзірі арқылы беріледі және ол асханада қолжетімді жерде орналастырылады. Күнделікті ас мәзірі мектеп басшысымен бекітіліп, әлеуметтік педагог, медбикемен келісіледі.  Қызметті жеткізуші ай сайын орта білім беру ұйымының басшысына өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді ұсынады. Қызметті жеткізуші ай сайын орта білім беру ұйымының басшысына өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді тамақ өнімдерінің тізбесін және тағамдардың сертификаттарын беріп отырады. Тағамдарды, буфет өнімдерін, сусындарды, шөлмектегі суды өткізу конкурстық құжаттаманың техникалық тапсырмасына сәйкес жүзеге асыру да басты назарымызда болады. Айта кетейік, тағамдарды, буфет өнімдерін, сусындарды, шөлмектегі суды өткізу конкурстық құжаттаманың техникалық тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуы конкурстық құжаттаманың негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Өз кезегінде орта білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі өкілдерінің, білім беру ұйымының медициналық пунктінің медицина қызметкерінің қатысуымен тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрылған.
Мектептерде ыстық тамақтардың берілуін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығының   109-тармағына сәйкес мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия бақылайды. Комиссия құрамына білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі өкілдерінің, білім беру ұйымының медициналық пунктінің медицина қызметкерінің қатысуымен тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрылады. Комиссияның төрағасы орта білім беру ұйымының басшысы болып табылады. Комиссияның міндеттеріне келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасына, отандық тауар өндірушілердің тамақ өнімдеріне CT-KZ сертификаттарының болуына, дайындалған тағамдардың сапасына, технологиялық жабдықтардың болуына және жарамдылығына, азық-түліктерді, дайын тағамдарды сақтау, жеткізу мерзімдері мен шарттарының сақталуына, балалардың нақты тамақтану рационының күнделікті, перспективалық ас мәзіріне сәйкестігіне, асхананың санитарлық жағдайына мониторинг жүргізу кіреді.

Комиссияның міндеттеріне келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасына, отандық тауар өндірушілердің тамақ өнімдеріне CT-KZ сертификаттарының болуына, дайындалған тағамдардың сапасына, технологиялық жабдықтардың болуына және жарамдылығына, азық-түліктерді, дайын тағамдарды сақтау, жеткізу мерзімдері мен шарттарының сақталуына, балалардың нақты тамақтану рационының күнделікті, перспективалық ас мәзіріне сәйкестігіне, асхананың санитарлық жағдайына мониторинг жүргізу кіреді.

Мектептегі бракераждық комиссия ай сайын мониторинг жүргізіп, тамақтың сапасын, тағам сертификаттарының болуын зерделейді. Қорытындысы бойынша комиссия отырысында қаралып, шешім шығарылады.Комиссия мониторинг жүргізіп отырады.

Комиссия жұмысының қорытындылары ай сайын кейіннен оларды білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қарау және орта білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастыру үшін ақпарат түрінде ресімделуі қамтамасыз етіледі.

Комиссия жұмысының қорытындылары ай сайын мектеп сайтында орналастырылып, жарты жылдықта бір рет педагогикалық кеңесте қаралады.

Білім беруді басқару органдары жанында жұмыс істейтін тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтар тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың қызметіне жүйелі мониторинг жүргізуі және оқушылардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру бойынша қабылданған шаралар  сараланады.

Мектептердегі бракераждық комиссия жұмысын, дұрыс тамақтануды ұйымдастыруды бақылау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығының 110,112 –тармағына сәйкес аудандық білім бөлімі тарапынан сараптамалық топ құрылған. Сараптамалық топ құрамына үкіметтік емес ұйым өкілдері, ата-аналар комитетінің өкілдері, әлеуметтік педагогтер, мектеп медбикелері кіреді. Сараптамалық топ тоқсанына 1 рет мектептерді зерделейді және тиісті шаралар қабылдайды.   2022-2023 оқу жылында сараптамалық топ барлық мектептерді зерделеп, тиісті ұсынымдарын берді.

– Мектеп оқушыларының тәртібіне қаншалықты көңіл бөлінеді?

– Оқушылар мектепішілік іс-шаралар өту барысында немесе мектеп территориясында орналасқан кезде өзінің және айналасындағы адамдардың өміріне, не денсаулығына қауіпті істер жасау фактілері назарымыздан тыс қалмайды. Оқушылар мектепішілік іс-шаралар өту барысында айналасындағы адамдардың өміріне, не денсаулығына қауіпті істер жасау фактілері тіркелген жоқ. Мектептерде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қолға алынып, барлық мектеп бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Мектеп территориясында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 17 мектепке 435 бейнебақылау камералары (265 ішкі, 170 сыртқы) орнатылып, 9 мектеп аудандық полиция бөлімінің орталықтандырылған жүйесіне қосылды. Сонымен қатар, 2022 жылы 3 мектепке (№35,36,37) турникет орнатылып, металл іздегіш алынды. 
Контингент саны 700-ден асатын 7 мектепке турникет орнатып, мамандандырылған күзет қызметімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
Алькогольды сусындар ішуге, темекі тарту, есірткі қолдану істеріне қатысты фактілерді болдырмау мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда.  
2022-2023 оқу жылында мектеп оқушылары арасында қылмыс пен құқық бұзушылық фактлері тіркелген жоқ. Оқушылар арасында есірткіге құмарлық пен нашақорлықтың алдын алу мақсатында ведомствоаралық ісшаралар жоспары аясында барлық мектепте кездесулер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылы 17 мектепте 67 іс-шара өткізілді. Наурыз және сәуір айында барлық мектеп оқушылары мен ата-аналар арасында құқық қорғау өкілдерінің қатысуымен бейнедәріс сабақтары өткізілді. Сонымен қатар, барлық мектептерде аталған тақырыпта қарым қатынастарын анықтау мақсатында күш көрсету немесе қиянаттық жасауға фактілерінің алдын алуға іс-шаралар жүзеге асырылады. 

Оқушылар арасында күш көрсету және қиянаттық жасау фактілері тіркелген жоқ. Құқық бұзушылық мен қылмыстың, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында құқық қорғау өкілдері мен ардагер ұстаздар және белсенді жастардың қатысуымен айына бір мәрте барлық мектептерде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 10 ақпанында ата-аналардың қатысуымен «Отбасы-тәрбие бесігі» тақырыбында кеңейтілген мәжіліс ұйымдастырылды. 2023 жылы аталған тақырыпта аудандық полиция инспекторлары мен прокуратура өкілдерінің қатысуымен күш көрсету немесе қиянаттық жасау фактілерінің алдын алу тақырыбында  барлық мектептерде кездесулер өткізілді. Оқушылар арасында және барлық мектеп қызметкерлеріне әдепсіз сөздер айту фактісі орын алмаған. 

Оқушылар арасында және барлық мектеп қызметкерлеріне әдепсіз сөздер айту фактлері тіркелген жоқ. Барлық білім беру ұйымдарында 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Педагог мәртебесі туралы және  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» № 190 бұйрығының талаптары түсіндіріліп, педагогтің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктерін және шектеулерін, міндеттері мен жауапкершілігін түсіндірілді. Мектептерде өткізілген сынып сағаттары мен сыныптан тыс шараларда оқушылар арасында да тиісті түсіндіру шаралары өткізілуде. 
Мектепте және мектеп территориясында құқыққа қарсы, өмірі мен денсаулығына қарсы іс-әрекеттер фактілері туралы айта кетейін. 
Мектепте және мектеп территориясында құқыққа қарсы, жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығына қарсы іс-әрекеттер фактілері тіркелген жоқ. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 17 мектепке 435 бейнебақылау камералары (265 ішкі, 170 сыртқы) орнатылып, 9 мектеп аудандық полиция бөлімінің орталықтандырылған жүйесіне қосылды. Сонымен қатар, 2022 жылы 3 мектепке (№35,36,37) турникет орнатылып, металл іздегіш алынды. Қалған 4 мектепке (№129,130,132,147) турникет орнату үшін облыстық білім басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Үнемделген қаржы есебінен 7 мектеп (№35,36,37,129,130,132,147) лиензияланған күзет қызметімен қамтамасыз етілетін болады. 2023 жылы облыстық бюджет есебінен 16 мектепке дабыл беру құралын орнату үшін қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Аудан бойынша 17 мемлекеттік балабақшаға 300 бейнебақылау камералары (239 ішкі, 61 сыртқы) және хабардар ету жүйесі орнатылды.

Оқушыларға сабаққа қатысты емес заттарды мектепке әкелуге тыйым салыну керектігі баршаға мәлім. Оқушылар арасында сабаққа қатысты емес заттарды мектепке әкелу фактлері тіркелген жоқ. Мектептерде бекітілген кезекшілер арқылы мәселе назарға алынды. Білім мекемелерінде ҚР Білім және ғылым министрінің  «Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарынаәкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығымен бекітілген заттардың кіргізілмеуі қатаң бақылауда.

Сонымен қатар, оқушылар арасында құқық қорғау өкілдері арқылы кездесулер барысында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 
Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін түсіндіру мақсатында «Мектепке алып келуге тыйым салынған заттар» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен полиция бөлімінің инспекторының кездесуі өткізілді. Шара барысында оқушыларға мектепке қару-жарақ пен оған ұқсас заттарды әкелуге қатаң тыйым салынатындығын ескертілді. Сондай-ақ мектеп оқушыларының оқу сабақтары кезінде смартфон, планшет, плейерлерді  пайдалануға болмайтындығын атап кетті. 

Мектеп оқушыларының түнгі уақытта көшеде жүруіне тыйым салынуға байланыста әрбір мектеп мұғалімдері мен ата-аналарынан жасақталған патрульдердің жұмыстары на тоқтала кетейін. 
Балалар мен жасөспірімдер арасында топтық төбелес пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында бекітілген іс-шаралар жоспары басшылыққа алынып жұмыстар жүргізілуде. 
Осы жоспар аясында білім беру ұйымдарындағы ерікті жасақшылар тобы 2023 жылы аудандық полиция бөлімімен бірлесе отырып «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» тақырыптарында 300-ден астам қоғамдық рейд ұйымдастырылды.
Беймезгіл уақытта, компьютерлік клубтар мен көңіл көтеру орындарында жасөспірімдердің заңды өкілінсіз еріп жүруін болдырмау, құқық бұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу бойынша әр аптаның жұма,сенбі және мереке күндері бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізуде. 
2022 жылы түнгі мезгілде жүрген 24 оқушыға аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен ескерту берілсе, ағымдағы жылы 15 оқушыға хаттама толтырылды.

– Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары қалай жүзеге асырылады?

–  Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балалар облыстық және республикалық сауықтыру лагерлері мен санаторийлерге, жолдамалармен қамтамасыз етуге басты көңіл бөлеміз. 
2022 жылы республикалық «Балдәурен» сауықтыру ларегіне 90 балаға (Қапшағай-66, Түркістан-24,), облыстық «Арай санрайз» лагерінде 10 балаға, демеушілер есебінен Алматы қаласындағы «Тау жанашар» лагеріне 100 балаға, «Жалын» сауықтыру лагерінде 681 балаға жолдама берілді. Ағымдағы жылы лагерлеріне әлеуметтік жағдайы орташа, төмен, толымсыз отбасы, жартылай жетім, аз қамтамасыз етілген отбасы, көп балалы балаларды тынықтыру жоспарланған. Сонымен қатар, облыстық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба жеңімпаздары атанған дарынды балалар да облыстық және республикалық сауықтыру лагерлерімен қамтамасыз етілуде. 
2023 жылы республикалық «Балдәурен» Қапшағай және Щучинск лагеріне 45 оқушыға жолдама берілді. «Жалын» сауықтыру лагерінде 681 баланы демалдыру жоспарланып отыр. Демеушілер есебінен «Қамбаш» лагеріне 100 оқушы демалатын болады.
Жыл сайын жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іспен қамтылуын үйлестіруді қамтамасыз ету және бақылау бойынша шаралардың жүзеге асырылуы жеке бақылауымда.

Үстіміздегі жылы 1-10 сынып аралығында 7829 бала оқыса, жаз мезгілінде көркейту, көгалдандыру топтарында 1300 бала, аулалық клубтарда 300 бала, экскурсиялар, жорықтарға 880 бала тартылады.

Ал, аудандық «Жалын» сауықтыру лагеріне 681 бала, мектеп жанындағы тамақсыз ұйымдастырылатын лагерде 4665 бала жазғы демалыспен және сауықтыру жұмыстарымен, жалпы 7510 бала, яғни 96% қамтылады деп жоспарлануда.  
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін үйлестіру үшін 2022-2023 жылдарға арналған жазғы демалыс кезінде балалардың іспен шұғылдануын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. 

Жазғы демалыс кезінде балалардың іспен шұғылдануын тиімді ұйымдастыру мақсатында аудандық Оқушылар үйінен «Көркемсурет», «Киімді моделдеу және дизайн», «Жас шахматшылар», «Халық биі», «Теннис», «Робототехника»  үйірмелері лагерь ұжымымен бірлесіп жұмыс жасайды. Сонымен қатар, әр ауысым бойынша лагерь тынығушылары мәдениет және спорт бөлімімен тығыз байланыста жұмыс жасалады. Сонымен қатар, жаз мезгілінде көркейту, көгалдандыру топтарында 1300 бала қамтылуы жоспарланған. Мектеп жанындағы жылыжайларда оқушылар қоғамдық пайдалы өнімді еңбек етеді, мәдени өсімдіктерді өсіруде білігі мен дағдысын қалыптасады. 
Балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру мәселелері сонымен қатар жазғы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру және бос уақытын қамту бойынша  жұмыстар жүргізіледі. 

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, облыс әкімінің жанындағы комиссия отырысында және аудан әкімдігінің және білім бөлімінің жанындағы алқа отырысында алдағы демалысты ұйымдастыру мәселесі қаралды. Білім бөлімінің жанындағы алқа отырысында мектеп директорлары мен жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берілді. Жалын сауықтыру лагерінің демалыс маусымына дайындық жұмыстары, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. 
Ал, аудандық «Жалын» сауықтыру лагеріне 681 бала, мектеп жанындағы тамақсыз ұйымдастырылатын лагерде 4665 бала жазғы демалыспен және сауықтыру жұмыстарымен, жалпы 7510 бала, яғни 96% қамтылады деп жоспарлануда. «Жалын» тынығу лагері 6 ауысым жұмыс жасап, әр ауысымда 110 оқушыдан барлығы 680 оқушы тынықтырылатыны жоспарланған. Келетін тынығушылар ауданның 17 мектебі бойынша жинақталып, әлеуметтік жағдайы орташа, төмен, толымсыз отбасы, жартылай жетім, аз қамтамасыз етілген отбасы, көп балалы балалар тынығуға келетін болады. Тереңөзек кенті орталығындағы «Жалын» лагерінің материалдық-техникалық жағдайы  күн тәртібінен түспейді.

 «Жалын» лагері 1988 жылдан бастап жұмыс істейді. «Жалын» сауықтыру лагері типтік негізде орналастырылған. Лагерде барлығы 13 ғимарат бар, оның 8-і жатын ғимарат, 1-і қызметтік, 1-і дәрігерлік пункт, 1-і шаруашылық, 1-і жылыту қазандығы және 130 орындық асхана бар. Лагердің 2017 жылы алынған санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар. Ағымдағы жылы лагердің жай жөндеу жұмыстарына 2 млн. теңге қаржы бөлінді.

2023 жылғы балалардың демалыс маусымын тиімді ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 27 наурыз - 7 сәуір аралығында, көркейту көгалдандыру жұмыстары (арам шөптерді отау, ағаш әктеп әрлеу), спорт ойын алаңына тазалық жұмыстары жүргізілді. Ол үшін арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. 

Демалыс маусымына №35,36,131,210,135,137 мектептер жауапты болып бекітілді. Аталған мектептерден 3  тәрбиеші, 1 дене шынықтыру маманы, 1 педагог-психолог, 1 суда жүзу маманы, 1 музыка жетекшісі, 4 еден жуушы, 1 сантехник және 1 электрик маман шақыртылады. Қалған 11 мектептен тиісті бөлініс бойынша тәрбиешілер шақырту жоспарланды.

Сыртқы лагерлерге алдымен аз қамтамасыз етілген отбасыларының балаларын орналастыру қарастырылған ба?

Оқушылардың жазғы уақытта қала сыртындағы «Жалын» тынығу лагері мен республикалық «Балдәурен» лагеріне бірінші кезекте әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының балалары қамтылады. 2022 жылы.  Ағымдағы жылы республикалық «Балдәурен» лагеріне демалуға жолданған 45 оқушының барлығы 37-сі аз қамтылған отбасының балалары. Сонымен қатар, мектеп жанындағы күндізгі лагерлерде де тұрмысы төмен отбасы балалары демалатын болады.   Аз қамтамасыз етілген отбасыларының балаларына қандай көмек көрсетілуде, олардың саны және материалдық көмектерден басқа қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Аз қамтамасыз етілген отбасыларының балаларын қолдау мақсатында «Мектепке жол» акциясы өз деңгейінде ұйымдастырылуда. Мемлекеттік мекемелер, шағын және орта кәсіп иелері, жауапкершілігі шектеулі серіктестер және демеушілер көмегімен балаларға оқуға ең қажетті – мектеп формасы мен оқу құралдары беру үшін 520 балаға 7 249 000 теңгенің көмегі көрсетілді. 2022 жылы міндетті оқу қоры есебінен 1658 оқушыға 62 650 740 тг. қаржы аударылып берілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы мектеп жанындағы лагерлер мен сыртқы лагерлерде бірінші кезекте әлеуметтік аз қамтылған отбасының балалары қамтылатын болады.

Балаларды  бір рет киіммен  қамтамасыз ету барысын ашып айтсаңыз.

– Міндетті оқу заңы бойынша жылына бір рет киіммен қамтамасыз ету жағы, оқу құралдары мен қамтамасыз ету тұрақты түрде жүргізіледі. 
Сырдария ауданы бойынша 1756 оқушы міндетті оқу қоры есебінен бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылады. 1658 оқушы тамыз айында киім-кешек алу үшін қаржылай көмек алады. 
 

Тағы да оқыңыз: